• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:50:06
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 Саясат

Қазақстан мен Грекия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр

Еуропалық Одақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселесіне де назар аударылды

Қазақстан-Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының төрағалары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Астанаға жұмыс сапармен келген Грек Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады. Грек делегациясының құрамына іскер топтардың өкілдері кірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер Астана мен Афина арасында екіжақты ынтымақтастықтың барлық кешені бойынша өзара түсіністікті растады. Бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттары анықталып, экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті тереңдету жобалары қарастырылды.

Еуропалық Одақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселесіне де назар аударылды. Тараптар визалық рәсімдерді оңайлату Еуроодақ пен Қазақстан арасында іскерлік, білім, мәдени және туристік байланыстарды кеңейтуде өзара мүдделерге сай келетінін бірауыздан белгіледі.

Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасылды, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі, Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесі, ЕО мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы өзара әрекеттестіктің перспективалары және т.б. бағыттар.

Сапар шеңберінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов пен Г.Катругалостың қатысуымен екі елдің 100-ге жуық кәсіпкерлерін біріктірген Қазақстан-грек бизнес-форумы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және «SEV» грек кәсіпорындары федерациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, Г.Катругалостың ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаевамен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесулері өтті.

Г.Катругалос Қазақстанның Митрополиттік аймағының әкімшілік орталығы мен Успенский кафедралы соборына барды. Оларды аралау барысында грек қонағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен салынған құрылыстың тарихымен танысты. Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары еліміздің ұлтаралық бейбітшілік пен дінаралық келісімді нығайту бойынша жетістіктерін жоғары бағалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір