• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:01:42
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 NEWS

Қазақстан кезең-кезеңімен цифрлық эфирлік теле-радио хабар таратуға көшеді

Біз қазір эфирді цифрлық телерадио хабар таратуға ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз

 «Телерадио хабарларын тарату туралы" заңға сәйкес мемлекет жарты жыл көлемінде эфирлік цифрлық телерадио хабар таратуға ауысудың уақытын белгілеуі қажет», - деп мәлімдеді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 «Біз қазір эфирді цифрлық телерадио хабар таратуға ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Цифрлық телевидение - бұл видео белгі мен дыбыс таратудың жоғарғы сапасы, сондақ-ақ визуалды кедергілерді жойып, тұнық дыбысты қамтамасыз етеді», - дейді министр.

2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасының бірқатар облыстарында цифрлық теле- және радио хабар таратылуын кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталады. Цифрлық телевизияны енгізу жұмыстарының бірінші кезегі барысында, ағымдағы жылдың аяғында Маңғыстау (қазан), Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан (желтоқсан) облыстарын цифрлық телевизиямен толық қамту жоспралануда.

     Мемлекетіміздің басқа аймақтарында цифрлық эфирлік телевизияны енгізу жұмыстары 2020 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Аталған жұмыстар жоспар бойынша 2021 жылы аяқталатын  аналогтық телевизия хабарын таратуды өшіру жұмыстарымен қатар жүргізілетін болады.

      Цифрлық хабар таратуды енгізу және дамыту жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілген болатын.

     Жоба бойынша 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізілуде және бүгінгі таңда 356  станса салынды. Жылдың соңына дейін тағы 292 станса құрылысын аяқтау жоспарлануда, ол халықтың 94% -ын цифрлық  хабар таралымымен  қамтуға мүмкіндік береді. Қалған 179 стансаны 2019-2020 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда.      Цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесі халыққа облыстық орталықтар мен        Астана және Алматы қалаларында 30 отандық телеарнаны, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде 15 телеарнаны  абоненттік өтемақысыз цифрлық сапада көруге мүмкіндік береді.       Осылайша, эфирлік цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл тұрғындадрының арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дамыту үшін сапалы жаңа мүмкіндіктер береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір