• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:54:11
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2019 NEWS

Қазақстан ғылымы ауыр қазаға ұшырады

Ғалым анамыздың отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтамыз

Қазақстан ғылымы ауыр қазаға ұшырады. Сексен тоғыз жасқа қараған шағында физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент  Хабиба Камалқызы Сәрсенбаева дүниеден озды. Хабиба Камалқызы жолдасы, көрнекті ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Көшер Мұқанұлы Мұқановпен бірге ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, үлгілі отбасы болумен қатар еліміз үшін көптеген игілікті істердің бастамашысы болған. Еліміздің ғылым- білім саласында жарты ғасыр еңбек еткен физик ғалым Хабиба Камалқызы 1990 жылдардағы нарық кезеңінде тұрмыстың тауқыметін тартқан көптеген отбасына қарайласқан мейірбан жан еді. Хабиба Камалқызы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде  ұстаздық қызмет атқара жүріп,  физика – математика саласында көптеген жаңалықтар ашты. Доцент ғалым ұзақ жылдар кафедра меңгерушісі қызметін де атқарған. Ғалымның жолын қуған шәкірттері бүгінде елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де еңбек етуде.  Ол кісінің қамқорлығын көрген қазақ, орыс, татар, т.б. ұлттың өкілдері “ел анасы” деп атап кеткен Хабиба Камалқызы екі рет қажылық сапармен Меккеде болған.

Ғалым анамыздың отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтамыз. Жатқан жері жаннат болып, нұры бейіште шалқысын. Артындағы ұрпағы аман болсын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір