• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:17:00
Алматы
+35°

31 Шілде, 2018 Экономика

Қазақстан банктерінің рейтингі — 2018 жасалды

Тізімнің басында бұрынғыша «Қазақстан халық банкі» АҚ тұр.

Он жылдық дағдарыстан кейін Қазақстан банк нарығы өзгере бастады, деп жазады Forbes Kazakhstan журналы. Оған елдегі жоғары биліктің саяси ықпалы, Ұлттық банктің қатаң реттеуі және халықаралық қаржылық есеп стандарттарының жаңа ережелері, нарықтағы бәсекелестіктің нашарлауы, білікті мамандардың болмауы және тағы басқалар әсер еткен.

«Қазақстандық банктер мемлекеттік ақшасыз өмір сүруге қалай дайындалуда?» деп басталатын мақалада елдегі шағын және орта бизнесті кредиттеу талабы жоғары екені, кепіл сұралып, пайызы тым көп болатынына назар аударылған. Банктердің түрлі нарықта қосымша табыс таба алатынын жазған мақала сараптамалардың жеткіліксіздігі мен акционер тарапынан жаңа технологияларды енгізуге деген енжарлықты да сынайды.

ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстан қор биржасы kase.kz-ке,  және банктердің ресми сайттарындағы ақпараттарға негізделіп «Baker Tilly Kazakhstan Advisory» ЖШС Қазақстан банктерінің рейтингін жасаған.

Тізімнің басында бұрынғыша «Қазақстан халық банкі» АҚ тұр.

73,6 пайыз акциясы «АЛМЭКС» компаниясы арқылы Тимур және Динара Құлыбаевтарға қарайтын елдегі ең ірі банк Өзбекстанмен саяси қатынас жақсарған соң мамырда Өзбекстаннан да филиал ашатынын мәлімдеген. Бір жыл бұрын 5 шілдеде Қазкоммерцбанкті Кеңес Рақышевтен сатып алған Халық банк кеше ғана екі банктің жүйесін толықтай біріктірді.

Тізімде екінші орынды «Kaspi Bank» АҚ алған. 10 пайызға жуық акциясы иесі Михаил Ломтадзе менеджерлігіндегі банктің 28,22% акциясы Президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі. Банк kaspi.kz интернет магазинымен ерекшеленеді.

Үшінші орын «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» тиесілі. Ляззат Ибрагимова басқаруындағы банк толықтай мемлекетке тиесілі. Тұрғын үй ипотекасын беру үшін 15 жыл бұрын құрылған. 2017 жылы жеке тұлғалардың салымы 524,6 млрд теңгеге жеткен.

Тізімді ары қарай «Цеснабанк», «Сбербанк»,  «Банк ЦентрКредит», «ForteBank», «Банк Хоум Кредит» жалғайды. Ондықты былтыр ғана Қытайдың China CITIC Bank-і 60 пайыз акциясын сатып алған «Altyn Bank» пен «АТФБанк» тамамдайды.

Тізімге Қазақстанның 32 банкі кірген.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір