• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:20:29
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2018 NEWS

Қазақстан Азия ойындарынан тағы бір медаль алды

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Кирилл Казанцев велоспорттың маунтинбайк түрінен қола медаль иеленді.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Кирилл Казанцев велоспорттың маунтинбайк түрінен қола медаль иеленді. Бұл - Қазақстанның маунтинбайк спортынан Азия ойындарында алған алғашқы медалі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, екі күміс, төрт қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алған.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір