• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:35:00
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2019 NEWS

Қазақстан әскери мүлкін Тәжікстанға беруді жоспарлап отыр

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай күннен-күнге нашарлап барады

Сенаторлар Тәжікстан-Ауғанстан шекарасын нығайту мақсатында Қазақстанның әскери мүлік пен оқ-жабдықтарын беруге шешім қабылдады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.

«Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай күннен-күнге нашарлап барады. шекара белдеуінде күнделікті террористік топтармен қарулы қақтығыстар орын алып, олар ірі көлемде есірткі кіргізуді көздеп отыр. Сондықтан да Тәжікстанға әскери мүлік арқылы көмек беру өте орынды әрі Орталық Азияның қауіпсіздігін сақтауға  септігін тигізеді», - деп айтты сенатор Талғат Мұсабаев.

Заң жобасында көрсетілгендей, Қазақстан Душанбе қаласындағы «Рохати» станциясына қару-жарақтарды жеткізу шығынын толықтай өз мойынына алады, ал Тәжікстан әскери мүлікті үшінші жаққа  жібермеуге мүдделі.

«Келісім бойынша Тәжікстанға берлетін әскери мүліктердің ішінде оқ-дәрілер, авиациялық және артиллериялық жабдықтар, биологиялық және химиялық қорғау жабдықтары және медициналық көмек көрсетуге арналған жабдықтар бар», - деді Талғат Мұсабаев.

Оның айтуынша, Тәжікстанға әскери оқ-дәрі жабдықтармен көмек көрсету Қазақстанның Қарулы күштеріне ешқандай  кері әсерін тигізбейді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір