• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 16:18:31
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2018 Спорт

Қазақстан 2018 жылғы Азияданың 50 жүлдесін қоржынға салды

Қазақстандық велошабандоз Артем Захаров төрт шақырымға жекелей жарыста кқола жүлде иеленген еді.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды vesti.kz.

66 келіге дейінгі салмақта күресетін Жұмақанов соңғы жекпе-жегінде катарлық Аюб Әл-Идриссимен белдесті.

Айта кеткен жөн, 28 жастағы Жұмақанов Азиядаға алғаш рет қатысып отыр. Былтыр ол Азия чемпионатының финалына дейін жеткен, ал оның алдында екі рет қола жүлдегері болған.

Жұмақановтың жүлдесі Қазақстан үшін 2018 жылғы Азиядада 50-ші болды. Жалпы еліміздің қоржынында 33 қола, сегіз алтын және тоғыз күміс бар.

Мұның алдында 48 келіге дейін белдесетін Галбадрах Отгонцэцэг 2018 жылғы Азиаданың қола жүлдесіне қол жеткізген. Үшінші орын үшін дзюдошы қызымыз қытайлық Яо Сюнмен күресіп, оны анық басымдықпен (есеп 10:0) жеңді.

Сонымен бірге, қазақстандық велошабандоз Артем Захаров төрт шақырымға жекелей жарыста кқола жүлде иеленген еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір