• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:20:39
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2017 NEWS

«Қазақфильм» киностудиясының екі бірдей ауқымды жобалары – «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» («Путь Лидера. В эпицентре мира») және «Тұмар патшайым» атты тарихи туындыларына кастинг әлі де жалғасып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді Қазақстанның Оңтүстік және Батыс облыстарының тұрғындары  өз бағын сынап,  кино жұлдызына айналуына мүмкіндіктері бар. Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандық қатыса алады.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың маусым айында жұмыс атауы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» және «Тұмар патшайым» атты киножобаларға актерлер арасында республикалық кастинг жарияланған.

Бұл фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Қоюшы режиссері Ақан Сатаев.

Айта кетсек, аталған фильмдерге кастинг Қазақстанның шығыс өңірлерінде – Семей, Павлодар, Өскемен қалаларында өткізілген. Жақын күндері кастинг төмендегі қалаларда өткізіледі:

Қостанай қаласы – 14 және 15 тамызда, І.Омаров атындағы облыстық  қазақ драма театрында (Таран көш., 144).

Ақтөбе қаласы – 17 және 18 тамызда, Т.Ақтанов атындағы қазақ драма театрында (Т.Ақтанов көш., 52).

Орал қаласы – 20 және 21 тамызда, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (Достық даңғ., 185).

Атырау қаласы – 23 және 24 тамызда, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы (М.Өтемісов көш., 115).

Ақтау қаласында – 26 және 27 тамызда, М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы (5 ықшам-ауданы, 30 үй).

Қызылорда қаласы – 29 және 30 тамызда, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйі (Қазыбек би көш., 21).

Тараз қаласы  – 1 және 2 қыркүйек, Жамбыл облыстық қазақ драма театры (Абай даңғ., 115).

Шымкент қаласы – 4, 5 және 6 қыркүйек, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры («Нұрсат» ықшамауданы, Астана даңғ.).

Театр және кино актерлері бірінші болып қабылданады.

Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға сағат 9:00-18:00 аралығында келуі тиіс (13:00-14:00 үзіліс).

Қойылатын талаптар:

Жасы: 16 жастан жоғары ( 16 жасқа дейінгі балалар және кастингке келіп қатыса алмайтындар, [email protected]  электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай алады: 1. Жақыннан (анфас және профиль), белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өңделмеген фотосуреттерді; 2. Туған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибеңіз (сериалдар мен бейнеклиптер), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкетаны толтырасыз.

Назар аударыңыз! Өзіңізбен байланысу үшін телефон нөміріңізді жазып жіберуіңіз керек.

Ұлты: барлық ұлттар

Спорттық дене бітімді, жасыл немесе көк көзді, шаштары сарғыш адамдар ерекше сұраныста.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір