• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:11:25
Алматы
+35°

20 Қараша, 2018 Спорт

Қазақ жігіті UFC-де Ресейдің намысын қорғамақ

Дамирдің UFC-дегі алғашқы қарсыласының есімі жақын арада белгілі болады.

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшарт жасаты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

27 жастағы спортшы барлық жарыста Ресей атынан жұдырықтасады. 

Исмағұлов М-1 аясында жұдырықтасып, 18 жекпе-жектің он алтысында жеңіске жеткен. Оның тоғызын нокаутпен. Соңғы рет ол 15 маусым Орынборда жұдырықтасты. Алғашқы раундтың төртінші минутында белорус Артем Дамковский қарсыласы Исмағұловқа шабуылдап, қолын сындырып алады да, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Исмағұлов жеңіл салмақта М-1 чемпиондығын қорғап қалды. 

Дамирдің UFC-дегі алғашқы қарсыласының есімі жақын арада белгілі болады.

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ емес. Мұның алдында Қытайда өскен Жұмабек Тұрсын осы ұймыммен келісім жасасқан еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір