Қазақ жерінде "казак атаманы" дегенді жою керек

Қазақ жерінде "казак атаманы" дегенді жою керек
Ⓒqamshy.kz

Қазір кім, не айтпайды? Әлеуметтік желілердің сырқаты жұққан менің кластасымның екінші сыныптағы қызы қолына қалтафонын ұстап алып: «Мінеки, біз ауылдағы әжетхананың алдында тұрмыз...» – деп, видеотүсірілім жасап, «СЫНЫПТАСТАР» деп аталатын топқа жіберіпті. Өзін «блогермін» деп қояды. Сондықтан, биылғы бір айдарымыздың атын «АЙТА БЕРСІН...» дедік...

Бірақ, бұл сөздің де – өзіндік салмағы бар. Әркім аузына келгенін оттай берсе, біз оттауизмнен (Бауыржан Момышұлы) көз ашпай қаламыз. Оттаудың да – оты мен шоғы болады. Мысалы, былтырғы жылдың ақырына таман Zhasalash.kz сайтында шыққан «Қостанайлық казактар әнұранды айтпайды» атты мақалада былай дейді: 
«Қостанай қаласында облыс басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен президенттің халыққа жолдауы талқыланған. Филармонияда өткен бас қосуға «Кустанайская община Оренбургских казаков» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман Виктор Чемпалов қатысыпты. Алайда, казак қасындағы серігімен мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпеген. (Дәлірек айтсақ, сол шарада түсірілген сүретте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған қостанайлық шенеунік қазақтар Қазақ Елінің әнұраны орындалған сәтте оң қолдарын сол кеуделеріне қойып, мемлекеттік салт-рәмізге құрмет көрсетіп тұр да, ал, казактардың әскери киімін киген «Кустанайская община Оренбургских казаков» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман В.Г.Чемпалов пен оның әріптесі Қазақ Елінің әнұранына құрмет көрсетпей, қолдарын түсіріп тұр. Қ.Ғ.). Бұл туралы адвокат Абзал Құспан facebook.com әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазды. 
«Қостанайлық белсенді жігіттердің айтуынша, оқиға Қостанай қаласында 26-28 қараша күндері, Филармония ғимаратында Президент жолдауын талқылау барысында орын алған. Казактар атаманы қасындағы серігімен, мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпегені былай тұрсын, тәуелсіз «Қазақстан республикасында бекітілмеген әскери киіммен жүруге болмайды» деген Заң талаптарын бұзып тұр! Казактардың тайраңдауын тыюдың заңды жолын талай мәрте айттым, әзірге естір құлақ жоқ…», – деп жазды заңгер, әлеуметтік желіде. 
«Кустанайская община Оренбургских казаков» қауымдастығы 2007 жылы 29 қаңтарда облыстық Достық үйінің қабырғасында құрылған. 
Тұңғыш атаманы Всеволод Кашарин. 2011 жыл­дың шілде айынан бастап басшылыққа Виктор Чем­па­лов келген. Ұйымның негізгі жұмысы – жас­тар­ға патриоттық тәрбие беру және ұлтара­лық татулықты нығайту. 1995-2005 жылдары Қазақ­стан­дағы казактар қоғамдық бірлестік болып ресми тір­кеуден өткен. Ресей, тағы басқа елдердегі казактармен байланыс орната бастады. Заңға сәйкес олардың қызметі Конституцияға қайшы болмауы тиіс». 
Мақала жариялана салысымен, (Казактардың «Жас алаш» газетін оқитындығына құлағымды кесіп алсаң да – сенбеймін! Қ.Ғ.) әлеуметтік желіде мақалаға арқау болған облыстық казактар қауымдастығының атаманы Виктор Чемпаловтың арнайы мәлімдемесі шығыпты. Өзінің Қазақстанда туғанын, саналы ғұмырын отбасымен бірге осында өткізіп келе жатқанын, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі екенін айтқан атаман былай депті: «Жарияланған материалда басылған суретке менің қолымның жүрек тұсыма әлі жетпеген сәті түсіп қалған. Бұл менің өз отанымның гимнін құрметтемейтінімді білдірмейді, сосын, мен оны ешқандай жағдайда да елеусіз қалдырмаймын. Менің қасымда тұрған казак та солай. Ал, киім формасына келсек, бұл бүкіл ел бойынша казактардың ұлттық киімі. Ол әскери форма емес. Мен өз елімнің патриоты екенімді сенімді түрде айта аламын және аталмыш басылымға шыққан журналистік материалды жөнсіз һәм кәсіби емес, деп есептеймін. Бұл сурет біздің мемлекеттік рәміздеріміздің бе­делін түсіргендей көрінсе, бәрінен казактар қау­ым­дастығы және жеке өз атымнан кешірім сұраймын». 
«Бүкіл ел бойынша казактардың ұлттық киімі» деген не сөз? Қай елді айтып отыр? Қазақ Елінде «казактардың ұлттық киімі» немесе «тәжіктердің ұлттық киімі» деген секілді норма бар ма?..

Екіжүзділік! Өтірік сөз! Мына сүрет-бейнеде (фото) облыс әкіміне дейін жүрегін ұстап, қазақтың әнұранын тыңдап тұр. 
Тек, мына екі «атамансымақ» қолдарына протез кигендей, қақайып қатып қалған... 
Бізде көз жоқ па? Әлде өздерін тым ақылды санайды ма? 
Пішту! Сандалмасын! Қазақтың әнұранын тыңдағысы келмесе, саңырау болсын немесе жөнін тапсын! Ешкімді зорлықпен ұстамаймыз! 
Жалпы, осы «Кустанайская община Оренбургских казаков» қауымдастығын күні кеше КІМ заңды түр­де тіркеген? Меніңше, бұл – біртұтас Қазақ Елін бөл­шектеуге бағытталған пиғыл. Сондықтан, қазақ жер­індегі «казак атаманы» дегенді түбірімен жою керек. 
Қайбір жылы сол кездегі Павлодар облысының әкімі болған Ерлан Арын аймақтағы «атаман» болып шыға келіп еді, Алланың құдіретімен (кім білсін, қазақтың топырағын қорғау жолында қаны төгіліп, жанын құрбан қылаған ата-баба әруағы күңіренді ме...) көп ұзамай, қармаққа ілініп, істі болды. Абақтының ботқасын да ішті. Қазақтың Ұлы Даласына темір тордың қараңғы тереңінен де қарады... 
Бір қарағанда, сол Ерлан Арын да қазақы жігіт секілді еді, ғалымдығы да бар, Иманғалидың ізгілігі мен Қырымбектің қамқорлығын да көрген. Қалай әкім болды, «атамандармен» астас болып, қазағына қырын қарап шыға келді. Арты не болды?!. 
Қазіргі орыс жерінде кешегі қазақтың талай жері қалып қойды. Мәселен, Орынбор – бұрынғы қазақтың жері. Мұны қазағың да, орысың да, бәрі біледі. Ендеше, мен Ресейдегі бұрынғы қазақ жерлерінің бәрінде, мысалы, Орынборда «Қостанай қазақтарының Орынбор қауымдастығы» деген ұйым құруды ұсынамын! 
Бұған орынборлық орыстар не дейді?..

Бұл уәжіме құлдық санадан құтыла алмай жүрген қазақ топырағындағы кейбіреулер (мейлі шенеунік; мейлі, қарапайым адам болсын) көлеңкесінен қорқып: «Ойбай, орыспен арамыз бұзылады, бізді «орыстарды тықсырып жатыр» дейді» – деуі мүмкін. 
Айта берсін!

Қажымұқан Ғабдолла

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Балғынбек Имаш: Алла деп "Крещениеде" суға түскен, Мұсылманға мұнафиқ мінез келді
    20/01 23:22 0 275
    2
    Қазақстандық имамдар қанша жалақы алады?
    20/01 14:14 0 520
    3
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    20/01 09:27 0 7143
    Өнертанушы ретінде атақты суретшілердің картиналарын қалай оңай ажыратуға болады?
    20/01 02:37 0 433
    Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық...
    19/01 15:38 0 1394

    Таныстырылғандар

    Менің жаңа өмірім өлім туралы повестен кейін басталды
    Менің жаңа өмірім өлім туралы повестен кейін басталды
    Менің жаңа өмірім өлім туралы повестен кейін басталды
    Маған сан мәрте көмектескен кітаптың мұқабасы тозып кетті. Бірақ мен үшін оның орны бөлек
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 10:23 0 2495
    Бүгінгі биліктің бір мінезі — "тым далақпай"
    Бүгінгі биліктің бір мінезі — "тым далақпай"
    Бүгінгі биліктің бір мінезі — "тым далақпай"
    Ал біздегі бейшара жағдайды қараңызшы! Біз түгілі шеттен келген жұмысшыларға дейін Қазақстанда қазақ тілін керек қылмайды. Бұл салаға реформа қажет!
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 11:44 0 2232
    Орыс князьдерінің қару-жарағындағы құран сөздері
    Орыс князьдерінің қару-жарағындағы құран сөздері
    Орыс князьдерінің қару-жарағындағы құран сөздері
    Ресей кешегі Отан соғысы кезінде ерлігімен көзге түсіп, Совет Одағының батыры атағына ұсынылған шешендердің құжаттарын жойды.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 15:48 0 2960
    Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды
    Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды
    Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды
    Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 18:22 0 2786
    Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)
    Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)
    Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)
    Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің алдында төбелес болды
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 20:49 0 3892
    Бізде неге бәрі “СРОЧНО”?
    Бізде неге бәрі “СРОЧНО”?
    Бізде неге бәрі “СРОЧНО”?
    Еуропа жүрдек пойыз секілді, ал біз пойыздың соңынан қуған атты адам іспеттіміз.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 10:31 0 1150
    Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жекке шығудан  бас тартты
    Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жекке шығудан бас тартты
    Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жекке шығудан бас тартты
    Бұл туралы мексикалық боксшының ісін жүргізетін Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес мәлімдеді
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 15:45 0 3919
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Адамзаттың ақырына ақыл жетуі мүмкін.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 12:20 0 5904
    "Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."
    "Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."
    "Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."
    Бұл ағамыз кезінде ауылда участкелік полиция болып жұмыс істепті. Тәртіпке қатал болыпты марқұм.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 13:21 0 3003
    "Жынын шығарамын" деп жанын шығарған бақсы: Күдікке ілінгеніме өкінбеймін
    "Жынын шығарамын" деп жанын шығарған бақсы: Күдікке ілінгеніме өкінбеймін
    "Жынын шығарамын" деп жанын шығарған бақсы: Күдікке ілінгеніме өкінбеймін
    Полиция дерегінше, Шамалған ауылының тұрғыны ауыр дене жарақатынан қайтыс болған.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 10:05 0 1042
    Құлағын кескен қияли суретші  жынға  мініп, аспанға ұшқан ба?
    Құлағын кескен қияли суретші жынға мініп, аспанға ұшқан ба?
    Құлағын кескен қияли суретші жынға мініп, аспанға ұшқан ба?
    :Жаратушы ерекше қабілетпен дүниеге әкелген өнер адамдары аз емес.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 11:40 0 726
    Мұсылмандар  қашаннан бері "крещение" жасап,  күнәдан тазаратын болған?
    Мұсылмандар қашаннан бері "крещение" жасап, күнәдан тазаратын болған?
    Мұсылмандар қашаннан бері "крещение" жасап, күнәдан тазаратын болған?
    Ттаза су адам денесінің кірін кетіруі мүмкін, бірақ "күнәсіз, пәк" қылып шығарады дегенді ешқандай санаға сыйдыру, көңілге қондыру мүмкін емес
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 12:02 0 914
    Мистикалық шығармадан соң көз жұмған Булгаков қандай құпия күшке ие?
    Мистикалық шығармадан соң көз жұмған Булгаков қандай құпия күшке ие?
    Мистикалық шығармадан соң көз жұмған Булгаков қандай құпия күшке ие?
    1891 жылы дүниеге келген Булгаков ХІХ ғасырдың басында туған Гогольмен қалай кездескен?
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 14:07 0 2362
    Қазақтың бәрі шабанаяқ немесе тобанаяқ емес
    Қазақтың бәрі шабанаяқ немесе тобанаяқ емес
    Қазақтың бәрі шабанаяқ немесе тобанаяқ емес
    Қазақ жұртына Олимпиада ойындарының бірінші медалін алып берген саңлағымыз Ғұсман Қосанов ұшпа жүйрік болатын.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 11:27 0 837
    Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...
    Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...
    Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...
    Олардың айтуынша, ұшқыш өте көңілді, позитивті адам болған
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 14:36 0 592