• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:35:49
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 Әлеумет

Қазақ тіліне қарсы шыққан ресейлікке ШҚО билігінің тісі батпайды

Бүгін Шушанниковтың өзімен тілдесу мақсатында хабарластық.

Бұған дейін Qamshy.kz ақпарат агенттігінде «Восточник-3» баубақша қоғамдастығының басшысы Шушанников Г.П-ның тіл туралы заңды бұзып, тұрғындар құқығының тапталып жатқанын жаздық. Бүгін Шушанниковтың өзімен тілдесу мақсатында хабарластық. Мұндағы мақсатымыз оның жеке басына тиісу емес, тек «құқығым тапталды», «қазақ тілі аяққа тапталып жатыр» деп ашынған оқырманның мәселесін көтеру. Qamshy.kz ақпарат агенттігі тіл, ұлтқа қатысты мәселеде үнсіз қала алмайды. Сондықтан осы мәселені көтеріп тиісті мекемелерге хабарласып жатырмыз.

Шушанниковтың бізге берген жауабы төмендегідей.  

- Былтыр қарашаның басында сіздердің сайттарыңызда  «Восточник-3» баубақша қоғамдастығына қарасты саяжайда қазақ тілінің хәлі мүшкіл деген іспеттес мақала жарық көргеннен кейін Өскеменде біраз шу болды.

«Восточник-3» баубақша қоғамдастығы өзін өзі қаржыландырады. Құжаттарды қазақ тіліне аудару қажет пе, әлде жоқ па оны қоғамдастықты қаржыландыратындар шешеді, яғни баубақша қоғамдастығы мүшелері шешеді.

Биылғы жылы  өткен жиналыста осы сұрақты арнайы талқылауға қойдым. Жиналыста баубақша қоғамдастығы ақпаратты қазақ тіліне аударуға қаржы бөлмейді деп шешілді. Мен зейнеткермін, өз қалтамнан аудармаға ақша шығармаймын.

- Бірақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық адам Қазақстанның заңына мойынсынуға міндетті ғой...

Бұл тұста мәселе кез келген ақпаратты қазақшаға аударуға қажетті ақшаға қатысты болып тұр. Өзіңізге белгілі, А4 форматындағы бір бет аударма 2500-3500 теңге тұрады. Ақшаны қайдан аламыз? Әкімге де дәл осы сұрақты қойдым.

- Онда аударма жұмысымен тегін айналысатын аудармашы тауып берейік?

- Құдай үшін... Әкімдік те, Қазақстанның халықтар Ассамблеясы да ұсынды, бірақ іс нақты ақшаға тірелгенде ешкім оны тегін жасағысы келмейтін болып шығады.

Егер тегін аударма жасаймын десеңіздер, мархабат. Бізде «Жиналыс осы күні болады» деген секілді ғана ақпарат. Бұл - бір

Екіншіден, «орыс тілін түсінбейміз. Әсіресе егде жастағы адамдар» деген сарындағы шағымға қатысты айтайын. Олардың барлығы КСРО кезінде орыс тілін оқып, өскендер. Сондықтан әңгіме не туралы болып жатқанын жақсы түсінеді.

- Түсінесіз бе, мұнда мәселе олардың қазақ тілін түсінетінінде немесе түсінбейтінін де емес. ҚР Тіл туралы заңы бар. Оған сәйкес, олар қазақ тілінде ақпаратты талап етуіне толық құқығы бар.  

- Бұл тек қоғамдастықтың ғана емес, әкімдік, тіпті ҰҚК-ге қатысты мәселе. Егер мен ҚР Заңын бұзған болсам қазір сізбен былай сөйлесіп отырмас едім.

- Сіз Ресей азаматы деген ақпарат рас па?

- Иә, рас. Сонымен...

- Жоқ, сізді ештеңеге айыптап тұрғанымыз жоқ. Ақпаратты рас, өтірігін анықтау үшін сұрап отырмыз.

- Бұл сұрақ ағымдағы жылы ақпанда немесе наурызда Өскемен қаласы әкімімен кездесуде талқыланды. Кездесуде көші-қон, ҰҚК өкілдері болды. Сол кезде әкімнің өзі ҚР ҰҚК өкілінен «Оған бола ма?» деп сұрап еді, ол ойланбастан «Иә» деп жауап берді.

Менің ықтияр хатым болғандықтан Қазақстан азаматына берілетін барлық құқық пен міндеттер маған да жүктеледі.

- Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп жатқандықтан Қазақстанның азаматтығын алғыңыз келе ме?

Мен Қазақстан азаматы болғанмын. Балам белгілі бір себептерге байланысты қазір Томскіде. Ол маған пәтер ұсынды.

Ықтияр хатым болғандықтан Қазақстан азаматтарына берілетін барлық құқық менде де бар. Ең бастысы Қазақстан Республикасының Заңын бұзбау.

Әйелім саяжайды басқаруға сенім хат берді. Баубақша қоғамдастығы мүшесіне тиесілі барлық құқықты пайдалана аламын.

- Өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп есептейсіз бе?

Неге патриотымен демеске? Мен ешкімге ешқашан «Бұл жаман ел, мұнда жаман адамдар тұрады» деп айтқан емеспін. Мен осы жерде тудым, өстім, жұмыс істедім. Өмір бойы осы жерде өмір сүріп келемін.

«Восточник-3» баубақша қоғамдастығына қарасты саяжай тұрғындары қазақ тілінде ақпарат алу құқығынан айырылып отыр. Егер бұл олқылықты шешіп, тегін аударма жұмыстарын жасап беріп қазақ тілінің көсегесін көгерту үшін өз үлесіңізді қосқыңыз келсе редакциямызға хабарласыңыздар.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір