• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:43:15
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 NEWS

Қазақ тілін қорлаған аурухана басшылығы амал жоқ кешірім сұрады

Астана қаласындағы атышулы №2 аурухана басшылығы қазақ тілін қорлағандарын мойындап, халықтан да, емделуші Мұқағали Балқыбаевтан де кешірім сұрады.

Астана қаласындағы атышулы №2 аурухана басшылығы қазақ тілін қорлағандарын мойындап, халықтан да, емделуші Мұқағали Балқыбаевтан де кешірім сұрады. Мұны Qamshy.kz ақпарат агенттігіне ауруханаға тікелей барып, басшылықтан кешірім сұратқан заңгер Жасұлан Иса растады.

Болған жағдайға бір көз жүгіртіп өтсек... Мұқағалиға 27 тамыз құлағына операция жасатып, сол күні кешке «Отоларингология» бөлімшесінің 9-палатасына жатқызылған. 28 тамыз палатаға тазалық сақтаушы орыс әйел кіріп, емделушілерге орысша сөйлей бастайды. Мұқағали өзінің орысша түсінбейтінін айтып, мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етеді. Алайда әйел қазақ тілінде сөйлей алмайтынын айтып, емделушімен сөзге келіп қалады. Артынша палатаға дәрігер Асхат Николайұлын ертіп келеді. «Дәрігерім мені қорғайтын шығар» деп сенген емделушінің үміті ақталмады. Мұқағалидің айтуынша, дәрігер емделушінің өзіне тап берген. Тіпті «қазақша сөйле деп қақсай берсең, ауруханадан шығасы, шығару туралы анықтаманы да орыс тілінде жазып беремін» деп «қоқан-лоқы» көрсеткен көрінеді.

Мұқағалимен  тілдескен біз кейін дәрігері Асхат Николайұлының да пікіріне құлақ аспақ болып, хабарластық. Емделушісіне, қала берді мемлекеттік тілге араша түсіп, қолдайын деген дәрігерді көрмедік. Керісінше, «50-ден асып қалған тазалық сақтаушыға құрметсіздік көрсетті» деп Мұқағалидің өзін айыптай бастаған еді. 

Ал бүгін жанына бір топ жалынды жастарды жинаған Жасұлан Иса аураханаға барып, басшылығымен де, қызметкерлерімен де сөйлесіп, олардың әрекеттерінің дұрыс еместігіне көздерін жеткізіп келді. 

Заңгердің айтуынша, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли, оның орынбасары, сонымен қатар Мұқағалидің дәрігері Асхат Николайұлы да қателіктерін мойындап, емделуші мен халықтан кешірім сұрады.

Мұқағалиға хабарласқанымызда, қуанышында шек жоқ екенін байқадық. Осы істі қолына алып, соңына дейін жеткізген журналистер мен белсенді жастарға зор алғысын білдірді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір