Бас прокуратура: Қазақ тілін білмейтін шенеуніктер жауапқа тартылмайды

Бас прокуратура: Қазақ тілін білмейтін шенеуніктер жауапқа тартылмайды
Ⓒsputniknews.kz

Биыл 26 ақпанда президент Нұрсұлтан Назарбаев «Парламент пен Үкіметтің жұмысы тек қазақ тілінде жүргізілуі керек» деп нақты тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураға ресми сауал жолдаған еді. Араға ай салып, жауап келді.

«Прокуратура туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, прокуратура мемлекеттік мекемелер мен өзге де ұйымдардың заң шеңберінде әрекет етуін қадағалайды. Оның ішінде тіл заңнамасы талаптарының орындалуына бақылау жасау да прокуратураның құзыретінде.

«Қамшы» порталына жолдаған хатында Бас прокуратураның баспасөз қызметі: «ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», - деген сөзге ерекше екпін беріпті.

Ресми хаттың орта тұсында: «Мемлекеттік тілді білмеу үшін ҚР Заңнамасында ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған», - деп елеусіздеу ғана жазылыпты. 

Бұл нені білдіреді? Бұл Елбасы бұйрығының ешқандай да заңдық күші жоқ, небәрі хаттамалық тапсырма ғана екенін білдіреді.

Ақиқатына жүгінсек, осы уақытқа дейін мемлекеттік билік бір бөлек те, мемлекеттік тіл бір бөлек, әрқайсысы өзінше тірлік кешіп келді. Қазір де жағдай түзеліп кеткені шамалы. Тек президенттің пәрменінен кейін сең қозғалғандай көрінген.

«Ендеше мұнша байбалам салатындай не болды?», - дейтін шығарсыз. Оның мәнісі бар. Ойлап қараңыз, президенттің тапсырма бергеніне бір айдан енді асты. Шенділер сөз таба алмай қиналса да, тілдері келмей тұтықса да, әйтеуір қал-қадерінше қазақша сөйлеп жүр (бірен-саран орысша сөйлейтіндер бар, оларды келесі мақаламызда жіпке тізіп береміз). Алайда бірер айдан соң бұл бастаманың да ұмытылуы (нақтырақ айтсақ, ұмыттырып жіберуі) әбден мүмкін. Сол кезде Үкімет пен Парламенттің қайтадан орысша сайрай жөнелмесіне кім кепіл?

Қазірдің өзінде Үкімет пен Парламент отырысында болмаса, өзге жиындарда орысша шүлдірлейтін басшыларды көріп жүрміз.

Сонымен, Бас прокуратураның жауабынан ұққанымыз – қазақша сөйлемейтін шенеуніктерге ешкім шара қолданбайды. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білмегені үшін қызметінен қуылмайды, жылы орнынан айырылмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі жыл бұрын ресми мекемелерде мемлекеттік, яғни қазақ тілінде ғана жауап беру үрдісін сынаған еді. 2016 жылғы 16 ақпанда Алматыдағы бір жиында: «Маған жеткен ақпараттар бойынша, орыс тілді адам мекемелерге барып орысша сөйлесе, ол қазақша жауап алады. Кім бұған рұқсат берді? Прокуратура неге Қазақстан заңдарының бұзылуын тексермейді? Егер ол орысша өтініш жасаса – орыс тілінде жауап алуы тиіс…» деген болатын. Президенттің пікірінше, билік өкілінен өтініш жасаған тілде жауап ала алмау — «заңсыздық». Назарбаевтың бұл сөзін әлеуметтік желі қолданушылары түрліше қабылдап, әрқалай түсініктеме бере бастаған.

Мемлекеттік органдар да Елбасының бұл пікірін сол сәтте іліп әкеткен болатын, ал Елбасының Үкімет отырысы қазақ тілінде өткізілуін тапсыруы қызу талқыға түскен жоқ. 

Ал Үкімет пен Парламенттің бір күнде тіл сындырғаны уақытша, науқандық құбылыс болуы ықтимал. Жалпы біздегі жақсы үрдістердің ғұмыры қысқа келеді. Сондықтан президент тапсырмасын заң жүзінде шегелеп қоюымыз керек. Әйтпесе қазақ тілін шетке қағып, орыс тілін оздырғысы келетіндер әлі көп.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 10 ай бұрын

    Менімше, ата заңдағы 7 баптың 2 тармағын алып тастамай бәрі осы қалпында қалуы мүмкін. Сосын арнайы мемлекеттік тіл туралы заң қабылдануы керек. Осы заңда мемлекеттік тіл білмегендер мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген норма қарастырылуы қажет және тілді білгендігі тест тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Заң жобасы тек мемтілде даярланып қабылданады деген бап керек. Билік тек мемтілде жиын, шаралар жүргізіледі. Мемтілді білмегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе қызметінен босатылады деген бап керек. Сонда қазақ тілі өзінің заңды орнын алады. Ал қазіргі біздің шуымыз тек масаның ызыңы сияқты оларға әсер етеді.

    • 10 ай бұрын

      Біздің егемен ел болғанымызға 27 жыл толады, ал мемлекеттік тіл ахуалы бәз баяғы қалпы. Ата заңдағы ресми тіл тең қолданылады деген жолдарды жою керек шұғыл, сосын мемелекеттік тілді меңгермеген шенді міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс, ал неге өзгелей түкке тұрғысыз нәрсеге прокурорлар -"заң бұзылды" деп шұқшия қалады?! Мемлекеттік тілді жетік меңгермегенді белді қызмет түгіл қарапайым қызметке де қабылдамау керек, ақпарат құралдарының тілін 100 пайыз қазақ тіліне көшіру міндет. Ешкім де тіл білмесін деп тепсініп отырған жоқ, ең алдымен өз ана тілің-мемлекеттік тілді жетік меңгер, толық қолдан, ал одан соң маймылдың тілін меңгеріп жатса өзіне жақсы! Әлемде өз ана тіліне қосалқы тіл мінгестіріп алған тек біз ғана шығар, 27 жылда ойанатын кез болды ғой! Мәселенің 80-85 пайызы билікке қарап тұр, ал олар еш асығар емес, өз шаруасы "дөңгеленіп" жатса болғаны!

      • 10 ай бұрын

        оның емі қазақ тілін білмесе тек қатардағы қызметкерліктен аса алмайтын шара жасаса болды сонда бір жұмада қазақша сайрап шыға келеді.

        1
        Мақпал Мыса. Жүрек түбіндегі жаңғырық (сұхбат)
        17/02 16:59 0 150
        2
        HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
        16/02 23:20 0 152
        3
        Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
        16/02 14:08 0 1868
        Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
        16/02 13:42 0 361
        Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
        16/02 10:42 1 414

        Таныстырылғандар

        Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды
        Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды
        Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды
        Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр.
        Аудио тыңдау
        09/02/2019 13:38 0 2256
        "Бүгін үшінші күн, тас қараңғы, суық үйде отырмыз" - Астанада өрттен зардап шеккендер
        "Бүгін үшінші күн, тас қараңғы, суық үйде отырмыз" - Астанада өрттен зардап шеккендер
        "Бүгін үшінші күн, тас қараңғы, суық үйде отырмыз" - Астанада өрттен зардап шеккендер
        Астанадағы өрт оқиғасынан зардап шеккен тұрғындар осылай деп, жергілікті биліктен жәрдем сұрап отыр
        Аудио тыңдау
        12/02/2019 10:00 0 1636
        Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі Сейітхан Исаев өмірден өтті
        Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі Сейітхан Исаев өмірден өтті
        Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі Сейітхан Исаев өмірден өтті
        Елбасының бала күнінде қандай болғанын білгісі келгендер бірден Сейітхан Исаевқа аттанатын.
        Аудио тыңдау
        12/02/2019 10:56 0 540
        Министр Әбілқасымова өзін "отставкаға кетсін" дегендерге жауап берді
        Министр Әбілқасымова өзін "отставкаға кетсін" дегендерге жауап берді
        Министр Әбілқасымова өзін "отставкаға кетсін" дегендерге жауап берді
        Министр алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданатынына сендірді
        Аудио тыңдау
        12/02/2019 13:30 0 4868
        Министр Қасымов қызметінен кетті
        Министр Қасымов қызметінен кетті
        Министр Қасымов қызметінен кетті
        Елбасының жарлығымен Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
        Аудио тыңдау
        12/02/2019 15:24 10 2843
        Үш адамның өмірін қиған жол апатына себепкер Ильяс Кардың соты басталды
        Үш адамның өмірін қиған жол апатына себепкер Ильяс Кардың соты басталды
        Үш адамның өмірін қиған жол апатына себепкер Ильяс Кардың соты басталды
        Алматыда Ілияс Кардың соты басталды
        Аудио тыңдау
        12/02/2019 16:02 0 638
        5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
        5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
        5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
        Астанада 4 ақпан күні болған жантүршігерлік оқиғада бір үйдің 5 қызы тірідей өрттің құрсауында қалған болатын
        Аудио тыңдау
        13/02/2019 11:48 0 4130
        Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ
        Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ
        Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ
        Қазақтың белгілі әншісі, композитор Батырхан Шүкеновтің естелік медалі оның анасына табысталады
        Аудио тыңдау
        13/02/2019 14:37 0 1401
        Журналиске ашуланған вице-министр: Жынымды келтірмеңізші, блин! (видео)
        Журналиске ашуланған вице-министр: Жынымды келтірмеңізші, блин! (видео)
        Журналиске ашуланған вице-министр: Жынымды келтірмеңізші, блин! (видео)
        Кеше бір әкім халық алдында сөйлеп тұрып, «осырып» еді. Бүгін тағы бір шенеунік ауыздан қағылды.
        Аудио тыңдау
        13/02/2019 15:22 0 2305
        Мүгедек балалары бар отбасыларға берілетін көмекті ұлғайту мәселесі қарастырылды
        Мүгедек балалары бар отбасыларға берілетін көмекті ұлғайту мәселесі қарастырылды
        Мүгедек балалары бар отбасыларға берілетін көмекті ұлғайту мәселесі қарастырылды
        Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап бала бақшаға кететін шығынның өтемақысын төлеу мәселесін зерттеу қажет
        Аудио тыңдау
        13/02/2019 17:42 0 536
        Астанада "Хайвилл Қазақстан" кеңсесі өртенді (видео)
        Астанада "Хайвилл Қазақстан" кеңсесі өртенді (видео)
        Астанада "Хайвилл Қазақстан" кеңсесі өртенді (видео)
        13 ақпанда сағат 21.11-де Астананың өртке қарсы қызметінің пультіне "Хайвилл Қазақстан" кеңсе ғимаратынан өрт шыққаны жайлы хабар түсті.
        Аудио тыңдау
        14/02/2019 09:46 0 381
        Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
        Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
        Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
        Дүниеден өткен адамның зейнетақы қорына жиған қаржысы туыстарына толық қайтарылады
        Аудио тыңдау
        14/02/2019 11:04 0 1578
        Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
        Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
        Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
        Билікке әлеуметтік жағдайларын жақсартып, баспанамен қамтамасыз ету талабын қойған астаналық көп балалы әйелдер өздеріне қысым жасалғанына шағымданады
        Аудио тыңдау
        15/02/2019 11:24 0 5642
        Абзал Құспан: Сайрагүлді соңына дейін қорғаймын деп едім, бірақ мен ойыншық емеспін
        Абзал Құспан: Сайрагүлді соңына дейін қорғаймын деп едім, бірақ мен ойыншық емеспін
        Абзал Құспан: Сайрагүлді соңына дейін қорғаймын деп едім, бірақ мен ойыншық емеспін
        Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай күні кеше Абзал Құспанның адвокаттағынан бас тартатыны туралы видео мәлімдеме жариялаған еді.
        Аудио тыңдау
        15/02/2019 12:07 0 10670
        Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
        Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
        Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
        Жанұясы жайлы сөз қозғаған ол әйелінің декрет демалысында екенін айтты
        Аудио тыңдау
        15/02/2019 16:33 0 4826