• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:25:20
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 NEWS

"Қазақ тілі деп қақсай берсең, ауруханадан шығасың"

Емделушінің сөзіне сенсек, аурухананың ішінде өзіңді Ресейдің бір қаласында жүргендей сезінесің.

Астана қаласындағы №2 қалалық ауруханада емделуші «құқығының тапталғанын» айтып Facebook парақшасында жазба қалдырыпты. Құлағына операция жасатып, кейін палатаға ауыстырылған Мұқағали Балқыбаев аурухана ішінде мемлекеттік тілдің қорланғанын айтып, ашынып отыр. Тіпті қызметкерлерден қазақ тілінде сөйлеуін талап еткені үшін толық емделмей жатып ауруханадан шығып қалуы әбден мүмкін екен.

Мұқағали Балқыбаев

Ұлт, тіл мәселелерінде қашан да қалам қозғауға дайын Qamshy.kz ақпарат агенттігі емделушімен тілдесіп, істің мән-жайын анықтады.

Айтуынша, 27 тамыз құлағына операция жасатып, сол күні кешке «Отоларингология» бөлімшесінің 9-палатасына жатқызылған. 28 тамыз мемлекеттік тілді қорғаймын деп өз дәрігерінен дөрекі сөз естіген.

«Таңертең палатамызға тазалық қадағалаушысы келіп, орыс тілінде бірнәрсе айтты. Мен орысша түсінбейтінімді айтып, мемлекеттік тілде сөйлеуін талап еттім. Оған толық құқығым бар деп ойлаймын. Бірақ әлгі әйел өзіме тап берді. Қазақ тілінде сөйлемейтінін айтып, дәрігеріме шағымданыпты. Біраз уақыттан кейін палатаға Асхат Николайұлы келді. Қазақ кісі еді. Мені қолдап, ең болмағанда кешірім сұрар деп ойладым. Қиялым екен. «Саған кім қандай тілде сөйлесе, сен де сол тілде жауап беруге тиіссің. Елбасымыз үш тілде сөйлеу керек деп ескертті. Қызметкерлерден қазақ тілінде сөйлеуін талап ете алмайсың!» деп адуынды сөйлей бастады. Бірақ көнбесімді байқап ауруханадан шығарып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсетті. Тіпті шығару анықтамаларын да орыс тілінде жазып беретінін айтты. Мемлекеттік тілде сөйлеу былай тұрсын, оны құрметтемейтіндерді қалайша жұмысқа алады?», - деп ашуға булықты Мұқағали.

Бұған қоса, емделушінің сөзіне сенсек, аурухананың ішінде өзіңді Ресейдің бір қаласында жүргендей сезінесің. Себебі палата есіктеріндегі жазулар түгелдей дерлік тек орыс тілінде жазылған. Күйінген қазақ бұл жағдайға араша түсетін намысшыл бауырларға үндеу салды.

Мұқағали Балқыбаев

Мұқағали Балқыбаев

Ал бүгін одан сорақысы орын алған көрінеді. Науқастарға таңғы астарын әкелген қызметші де мемлекеттік тілден мақұрым болып шықты. Ол да қазақ тілде сөйлеуін талап еткен емделушіге дөрекі жауап қайтарды. Таңғы асын уға теңеген Мұқағали қазақ бауырларынан көмек сұрап отыр.

Болған жағдай желі қолданушылары арасында резонанс тудырды. Бірі қазақтарды басынған орыс тілділерге деген ашуын білдірсе, енді өзгесі заңда нақтылық жоқ деп Конституцияны реттеу керектігін айтып, жар салды. 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір