• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:38:51
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 NEWS

Қазақ театры Ресейде өткен форумда жеңіске жетті

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумында жеңіске жетті

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумынан ГРАН-ПРИ жүлдесімен оралды.

Театр

Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумына Ресейлік театрлардан бөлек Армения, Сербия, Қазақстан, т.б. шет елдік театрлар қатысты. Форумның комиссия қатысушы театрлардың қойылымдарын тамашалап, үздік деген спектакльді таңдаған. Үздіктердің қатарына кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «ОТЕЛЛО» (Авторы: У.Шекспин, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық артисі) трагедиясымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2018» мүсіншесінің, яғни ГРАН-ПРИ иегері атанды.

Театр

Бұл – қазақ театрының жемісі, тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының кезекті жеңісі!

Театр

Театр

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір