• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:28:46
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 Ғылым-білім

Қазақ сипаты

Қазақ - жаны сауаппен ажарланған, өмірі қанағатпен құнды болған, жетпіс өнер жігітіне аздық қылған ұлы ұлт.

Қазақта сауап деген риясыз көңілмен қайыр қылу, мүрал мен өнерге бар ықылaспен құлшына адамдығын әйгілеу; қанағат деген өмір мен табиғатты әділдікпен мойындау, қырсық сезімді дәйім құрбан етуге хош болу, баяшат тұрмысты асырайтын бірлік жүйеге тоқтау, бойындағы қабілетімен бұйырған несібеге шүкірлік ету. Қазақ сондықтан да ақтірлік қоғамын қалыптастыра алған. Жаны сауаппен ажарланған, өмірі қанағатпен құнды болған, жетпіс өнер жігітіне аздық қылған ұлы ұлт. Ұлылығынан әлемді тәнті, Алланы разы еткен.

Қазақ елінде соғыс апаты ұзаққа тұрса да, тажал оғы бәріне түгел тисе де, әйтеуір, ұлылығынан біреуі аман қалған. Кейінірек сол аман біреуі айырылған жерінің ырысты аумақтарын он жауынан қайта тартып алған. Қалған жерін Алла (бейбітшілік) үшін қузамай ақіреттікке қалдырған. Тіпті, ақтірлік мүддесін ойлап, жатқа тегін салық төлеуге пейіл білдірген. Өзін өзгеге күзеттіріп, жалғасты сауап, қанағат, ортақ дастархан дәстүрімен жасай берген. Өз ішінен әуелгідей жетім, жесір және қайыршы шығармай баяғы шадыман өмірін жалғап кеткен.

Ұлы қазақ ақтірлігін ұрандаушы Мұхаммедке ыризалық білдіріп, намаз тәртібін ерікті қабылдаған. Ленин арманы одан да жақын еді, қызығы, мүдде тірлік қоғамы халқын обал-кісіліктен жұрдай еткендігі себепті менсінбеген, аттан түспей қабылдаудан бас тартқан.

Иә, сол тұста ақ-сарылар жан-тәнін құрсағына айырбастайтын, қайыр тілеу мен сауда алдауды мақтан көретін, жер бүлдіру мен аспан былғауды өнер қылатын, әлсіздердің тер-қанымен әкімият бағатын, езу мен езілуді борыш санайтын имансыз халық болған. Бірақ құралы, әсіресе, үгіті камал Ленин әкімияты бәрібір қазақты қаратып алды. Таразылы тайқазаннан тамақтандырды. Ал бұл ортақ тірлік қоғамы қазақ қоғамының әлемге өркениеттенгенін бірден байқатты да, әпсәтте қарсы алуға ие болды. Мәңгі жасасын! - деп тұрып қуанды қазақ. Алайда тіл-салты бөлек, діні қарсы сырлы бөтендер тізгін ұстап, қазақтың берекесін бірте-бірте қашырып қойды. Алдымен бейтаныс әрі азап іс-әрекетке ұйымдастыру арқылы титықтатты. Онан наданға ми, кедейге жан болғанды ақымақ қылды. Кейін ұлттық руханиятты суғармай қуратты... Барлық дүниені тарылтатын күш-әккілік. Ырысты жері кең, тірлігі жайлы қазаққа оқудың, ақырзаман тілеудің қажеті болмаған. Әншейін көзі дәу көкірексіздерге жауын қорқытып, қатыржан сайрандап өткен. Табиғатпен етене болып, нәрлі-адал көкқамырмен шалқып кеткен. Шуағы мол күнгей іспетті өмірі, шуағы аз теріскей іспетті Еуропа өміріне қарама-қарсы жасаған. Енді сасық қуып, әке-шешесін де керек қылмайтындарға обиып көрінді. Өйткені, әлемдік өркениет байлықты суалтатын, халықты қинайтын темірді қажет етті. Қоғам дін және ұлт бағдарын бұзатын түзіліс жасауға мәжбүр болды. Сонымен, оқуды құдай тұтқандар жарық, сауап қанағатшылдар шарық танылды. Ашық айтсақ, ұқық беделден балаша қағылған қазақ, өз туған жерінде өзге әкімият үшін өгей еңбеккүш жасалды.

Сондада қазақ рухын 70 жыл мұқалта алмады. Қайта, жаншимын деп нықтап қойды. Неше мың жыл ар-намыспен жігерін, мұрал-әділдікпен бірлігін, өнер біліммен тірлігін шыңдап тастағаннан болар, қазаққа Алла жар болды да, 70 жылға өз әккілігінен өлім тиді. Ал бүгінгі қазақ – сауап қанағатын замандаған, кұрсынып жүрген қанын амандаған, жүзнеше тайжұртқа өкіл аға-пана болған дүниедегі ең ажарлы ұлт болды. Ақтірлік рухы – көк туы көкте желбіреп, әлемдік гүлстан мемлекет болуға бар иманмен ниеттенді!

Әділ Санатбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір