• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:08:59
Алматы
+35°

11 Шілде, 2018 Әлеумет

"Қазақ қызы, кәпірлерге түрілмесін етегің"

Білесің бе шетел асқан қыздардың, Өмір бойы өкінумен өтерін...

Соңғы кездері қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бірі «махаббат - ұлт, дін талғамайды» десе. Енді бірі мұны сатқындыққа балап отыр. Facebook әлеуметтік желісінде қазақ қыздарына арналған өлең жарияланды. Белгісіз автор қазақ қыздарын тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығуға шақырады.

Қасиетін бұзбай ұлттық некенің,

Кәпірлерге түрілмесін етегің.

Білесің бе шетел асқан қыздардың,

Өмір бойы өкінумен өтерін.

Өзге ұлтты көресің-ау бағымдай.

Жүрші қалқам, ақ жолыңнан жаңылмай.

Басқа жақтан бай іздедің жарқыным.

Өз елімнен бір азамат табылмай.

Көңілдерді қалдырмашы күдікте,

Тұрмысқа шық, тегі қазақ жігітке.

Өз ұлтыңның артық емес итінен,

Құрт, құмырсқа жеген ауан сүлікпе.

Қазақ жігіт жақсы емес пе майбалақ.

Жақсы болса бағыңды кім байламақ.

Бір қытайға құшақтатып қыздарын,

Әке-шешең жүр ме осы ай қарап.

Берген сүтін саусын енді далаға,

Ие болмай Алла берген балаға.

Адам жанын саудалаған сатқындар.

Қазақ деген аттан кетсін садақа.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір