Қазақ қыздары ашкөздіктен ада болса екен

Қазақ қыздары ашкөздіктен ада болса екен
Ⓒofigenno.com

Қазір біраз әйел өресінің өлшемі – тиын, киім, бұйым. Осы үшеуінен басқаға бас қатыратындары аз. Бір қарағанға, бұл жалғанда одан артық қажеттілік те жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ, бар ғой...

Үш анық – иман, иба, ұлттық рух болмаса, қиын. Адамдық адалдықпен өлшенуі тиіс. Әдеп әдетке айналса, құп. Материалдық игілікке қол жеткізу – бір пәсте. Ол үшін арыңды сатудың қажеті жоқ. Аярлықпен, алаяқтықпен жиған дүниеден ақылмен тапқан ақ-адал ырысың жақсы. Қолда бардың бағасы емес, оны иемденер адамның санасы қымбат болуы керек. Еңбектің өтеуі болса, оның тек жеке дәулеттік дәмемен істелген мың ісіңнен тұтас әулеттің әлеуетіне септеспек ниеттегі бір ісіңнің артықтығын айшықтап тұрғаны абзал.

Тым білгішсініп кетті дерсіз, құрметті оқырман? Өйтсеңіз, ықтиярыңыздың ығына жығыла салудан аулақпын. Бұл тақырыпты өз ыңғайыма ақылым артып, іліммен іріленіп отырғандықтан икемдемеген едім. Айтпағым, қазақ қыздары ашкөздіктен ада болса екен. Жігіттің тақымындағы «темір тұлпарын», басындағы баспанасын, тапқаны қапқанынан еселей артылатын лауазымды қызметін «иемденгісі» келген бейсаналық – бейшаралық! Текті ме, дені дұрыс па, бала таптыра ала ма, көзіңе шөмелелеп шөп үймей ме... Солай болса бітті ғой, бейбағым-ау! Ондай азаматтың сенің көкейіңді тескен байлықтан шайлығы тәуір. Кекшіл емес, көпшіл боп кездессе, тіптен тамаша! Етегіне есің кете жармаспасаң, құр далбасалап қаласың. Зор бақытыңды зорлықпен басқа тепкен болып шығасың. Тәкаппарлықты тәуелсіздігіңнің қорғаны етпегің – бос бекершілік!

«Машинасы болса...». Осы бір түсінікті қабылдауға түйсігім жетпей-ақ қойды менің! Неге біздің бикештердің бір апаттық қана «тағдыры» бар қу темірде шаруасы шамалы болмайды?! Көлік иесіне тиіп алғаннан кейін, өздерін күнде таңнан кешке дейін шошайып кабина ішінде жүретіндей көре ме екен?..

Үйді кім жинайды?

Баланы кім бағады?

Тамақты кім істейді?

Кір-қоңысты кім жуады?

Міне, тұрмысқа шығар алдында осындай тұрмыстық міндеттерді бірінші орынға шығару шарт.

Егер пысық болсаң, пысықтап алатының – көлік емес! Салақ болсаң, санаңда қалыптастырарың – аста-төк дүние емес! Көп бала туғың келмесе, көкейіңді тесері – дайын баспана емес!

Жағдайдың жақсы болғаны жөн, әрине. Ал жағдайлының жарына айналып шыға келуден бұрын, соған лайық қалыптың болмағы – басты парыз. Құймақұлақтар табылса, олардың қандай қалып екендігін жоғарыда шым-шымдап шамалап бердік енді.

Қарақтарымды қазақы қадір-қасиеттен жұрдай ететін, ұлттық діл діңін мүжіп құртатын үш жегі құрт – әлгі тиын, киім, бұйым дегеніміз дұрыс.

Қасыңдағы қарсы жынысты серігің желіккен желөкпеліктен арын арылтса – ару, денін дүниеқоңыздық дерт дендеп алса – ауру, жігіттер! Жылтыр бетке жүректеріңді ұмсына ұмтылмай, жан-дүниелеріңді оның қауашағында жүруі мүмкін «вирус» жемі етуден сақтай біліңдер! «Еңбектің наны – тәтті» дегендей, сол дүние-мүлікті ерімен бірге жыюға талпынбаса, «дайын асқа – тік қасық» болу ұстанымының салдары – ажырасу!

Ескерте кетерім, өмір өзегінен үзіп алған бұл тақырыпты автордың өз басынан өткен толғаныс түйіні ретінде түсініп қалмайық...

Еркеғали БОЛАТҰЛЫ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
    26/05 04:31 0 51
    2
    Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
    26/05 03:44 0 435
    3
    Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
    26/05 02:19 0 191
    Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
    26/05 01:49 1 200
    Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
    26/05 01:47 0 326

    Таныстырылғандар

    Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады
    Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады
    Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады
    Күдіктіні марқұмның туыстары ұстапты, оған да шұғыл медициналық жәрдем қажет болды.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 00:20 0 3284
    1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән оқытыла бастайды
    1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән оқытыла бастайды
    1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән оқытыла бастайды
    Бүгінде бұл бағдарлама Алматы, Павлодар, Қызылорда және Шымкент қалаларының 2 мыңнан астам оқушы білім алатын 44 мектебінде жүзеге асырылған.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 09:22 0 1469
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің үлкен қызы Саида Мирзиеева биыл сәуір айында ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігінің ...
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:58 0 2235
    Атырауда рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер бойынша туындаған дүрлікпе түсіндірілді

    22/05/2019 17:23 0 382
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Байқаудың мақсаты – журналистік қауымдастықты жастардың өмірі мен жетістіктерін жазуға, олардың шығармашылық әлуетін ашуға және ынталандыруға бағытталған.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 23:55 0 159
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Шетелдік дәрігерлер де 4-дәрежеге дейін асқынған дерттің дауасын таппады.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 04:04 0 2826
    Аңызға айналған  Марадонаны полиция  неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Олива ханым, әйгілі футболшыдан әлгі ақшаны өндіріп алу үшін сотқа шағымданған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 06:05 0 1604
    "Алиевтың" басшыларына сот үкім шығарды
    "Алиевтың" басшыларына сот үкім шығарды
    "Алиевтың" басшыларына сот үкім шығарды
    2019 жылғы 15 мамырда Алматы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Алиев» ҰҚТ қатысушыларына сот үкімі шықты
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 11:40 0 607
    Бір данасы 50 мың теңге тұратын қазақтың тиыны жарық көрді (видео)
    Бір данасы 50 мың теңге тұратын қазақтың тиыны жарық көрді (видео)
    Бір данасы 50 мың теңге тұратын қазақтың тиыны жарық көрді (видео)
    Алтыннан жасалған 50 мың теңгелік монетаның салмағы 1 келі
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 12:00 0 1211
    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
    Бұл туралы облысқа ресми сапармен келген Шыңжан Ұйғыр автономиясы, Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чжао Чунцзюмен кездесуде аймақ басшысы Даниал...
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 14:54 0 23824
    Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай: Төрт жұмысшы қаза тапты
    Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай: Төрт жұмысшы қаза тапты
    Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай: Төрт жұмысшы қаза тапты
    апатты жағдай Момышұлы даңғылының бойында орын алған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 20:23 1 8182
    Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
    Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
    Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
    Білім министрлігіне қарасты Ұлттық тесттілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 13:54 0 1605
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Беларусь президенті Александр Лукашенко сапасыз мұнайдан елдің "орасан зор" зардап шеккенін айтып, Ресейден өтемақы күтетінін жеткізді.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 14:38 0 1600
    Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?
    Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?
    Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?
    Құдіретке қарсы шығар ешкім жоқ қой енді...
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 15:06 0 5232
    Өзіне үйленген өзгеше әйел
    Өзіне үйленген өзгеше әйел
    Өзіне үйленген өзгеше әйел
    Қалыңдықтың айтуынша, дәл осы жағдайдан кейін тұрмысқа шығамын деп жүрген қыздардың арманы орындалады-мыс
    Аудио тыңдау
    25/05/2019 13:15 0 1490