• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:02:18
Алматы
+35°

07 Маусым, 2018 Саясат

Қазақ-қытай достық кемесін бірге жүргізуге дайынмын – Ши жин пиң

Өз кезегінде мемлекет басшысы Қытай төрағасына алғысын білдірді.

ҚХР төрағасы Ши жин пиң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біз адамзаттың ортақ тағдырын қалыптастырып, жарқын болашаққа жетелеу жолында Қазақстанмен бірге жүруге дайынбыз. Мен қазақ-қытай достық кемесін сізбен бірге жүргізуге дайынмын», - деді Ши жин пиң.

Өз кезегінде мемлекет басшысы Қытай төрағасына алғысын білдірді.

«Мен Қытайға келерде сізбен кездесетініме іштей толқып тұрамын. Сіздің маған деген ыстық ықыласыңыз бен сеніміңіз көңілімді қуантады. Осы мемлекеттік сапарға шақырту жібергеніңіз үшін сізге алғысым зор. Әдеттегідей мені зор салтанатпен қабылдадыңыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізді жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайлануыңызбен және әлем тарихында елеулі орынға ие Қытай компартиясының 19 съезін сәтті өткізуіңізбен шын жүректен, достық көңілмен құттықтағым келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Бейжіңге барған Назарбаевты салтанатты түрде қабылдады. Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінің алдында сап түзеген әскерилер Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын оркестрмен орындап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрмет көрсетті.

Бұл – екі ел басшысының 18-ші рет жүздесуі. 

Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ши жин пиңмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр. 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір