• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:15:27
Алматы
+35°

25 Қыркүйек, 2017 NEWS

Қазақ мектептеріне арналған оқулықтардағы өрескел қателіктер сын көтермейді

Аталмыш мәселелерге қатысты оқушылардың ата-аналары өздерінің наразылықтарын білдіріп, әлеуметтік желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде

Қазақ мектептеріне арналған кітаптар жайында дау-дамай халық арасында күннен-күнге ушыға түсуде. Олардың дәлелі ретінде әлеуметтік желіде жарияланған бірқатар видеоүндеулерді атауға болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кезекті видеода 7-сыныпқа арналған оқулықтардың сапасын ондағы қателіктерді ашып көрсеткен.

Facebook эелісінде жарияланған бұл видеода 7-сынып оқулықтарының бірқатары қандай деңгейде екендігі анық көрсетілген. География кітабы 31-ші беттен басталып кетіп жатса, биология оқулығының бірінің мұқабасы теріс айналдырып түптелген, ал бірінің ортасында орысша тақырыпшалар қосылып кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушлары Ерлан Сағадиевке арнайы сауал жолдап: «Мына сұмдыққа кім жауап береді, Сағадиев мырза? Меніңше бұл ұрпаққа арнайы жасалған провокация. Бұнымен Прокуратура айналысу керек, қылмыс істі ашып», - деп жазады көпшілігі.

Иә, расымен де сапасы сын көтермейтін мұндай оқулықтармен келешекте білімді жастар тәрбиелеу қиынға соғады. Сапалы білім беру үшін оқулықтың да сапасы жоғары деңгейде болу қажет екендігі белгілі.

Аталмыш мәселелерге қатысты оқушылардың ата-аналары өздерінің наразылықтарын білдіріп, әлеуметтік желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір