• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:35:14
Алматы
+35°

26 Шілде, 2018

Қазақ баласы Мәскеу төрінде 7 жыл көрмеген анасымен қауышты

Дәулетханның анасы бүгінде тұрмысын түзегендіктен баласын мемлекеттен қайтарып алыпты.

Павлодар қаласының тумасы 13 жастағы Дәулетхан Ақанов талантымен ресейліктерді тәнті ете білді. "А-студиомен" қосылып бірге ән шырқаған Дәулетхан Мәскеу төрінде 7 жыл көрмеген анасымен қауышты. Ақпаратқа сенсек, 5 баланың анасы отбасын асыра алмағандықтан жергілікті қорғаншылық бөлімінің мамандары Дәулетханды жетімдер үйіне өткізген. Сөйтіп ұзақ жеті жыл бойы анасының құшағын көрмеген, төрт бауырын сағынған бала сахнада тұрып көз жасына ерік берді. Дәулетханның анасы бүгінде тұрмысын түзегендіктен баласын мемлекеттен қайтарып алыпты.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір