• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:22:49
Алматы
+35°

26 Қаңтар, 2017 NEWS

Қазақ әдебиетінің қара нары Задахан Мыңбай дүниеден өтті

Қазақ поэзиясы тағы бір ауыр қазаға ұшырады. 25 қаңтар күні Қытайдағы қандастарымыз арасындағы танымал ақын, қабырғалы қаламгер Задақан Мыңбай өмірден өтті.

Қазақ поэзиясы тағы бір ауыр қазаға ұшырады. 25 қаңтар күні Қытайдағы қандастарымыз арасындағы танымал ақын, қабырғалы қаламгер Задақан Мыңбай өмірден өтті.

Задақан Мыңбайұлын – Қазақ поэзиясының, қазақ өнерінің атаны, қазақ әдебиетінің, қазақ қара өлеңінің жүгін көтерген атаны.   Задаханның қайтыс болуымен Шыңжаң қазақ әдебиетінің, XX ғасырдың соңында келген поэзияның бір дәуірі аяқталды. Ол поэзиясының бір кезеңінің басты өкілі еді. Өзіндік биігі, айрықша лирикалық сарыны болған.

Задақан Мыңбай өмірге екі рет келген, екі рет өмір сүрген адам. Ол сарыуыз балапан кезде он алты, он жеті жасында "қазақ күзетші "ұйымының мүшесі деп айыпталып 50-жылдардың соңында барса келмеске - Тарымға айдалған. Жанның сірілігімен, шой табандылығымен, өмірге деген құштарлығымен сол Тарымның өзінде от басын құрып өсіп-өніп көктеді. Ондағы оның арманы Тарбағатайға, Атамекенге, Құлыстайға аман оралу ғана болған еді. Тарымға барған 3000-нан астам боздақтың аман қайтқан 700 адамның ішіндегі біреуі Задақан еді. Қайтқаннан кейін маңдайына тас тиген, жүрегі шайлыққан, өмірде мақсат мұраттан қаймыққан Задақан емес. Қайта түлеп дүр сілкінткен қазақ әдебиетіне Задақанның поэзиясы, Задақанның шығармалары деген үлкен қомақты дүниелер қалдырды.

Ей, отыншы қыршын талды қимашы, 

Жұп торғайды үркітпеші қумашы. 

Жасты қисаң қуарып жер құшады, 

Жұпты қусаң екі айрылып ұшады. . 

Мен де солай қыршынымнан қиылғам,

Мен де солай айырылғанмын жұбымнан...

– Деп бастап еді қайта оралғанда өлеңді.

Задахан Мыңбай әйгілі жазушы Қажығұмар Шабданұлымен Тарым лагерінде бірге болған. Қолқанаты, тілеулесі болған адам. Қылмыс романындағы Зарықбек дейтін ақын кейіпкердің прототипті Задахан Мыңбайұлы еді.

Задақан Мыңбай 1939 жылы ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы, Қаракемел ауылында өмірге келген. 1955 жылы байырғы Шыңжаң институтының тіл әдебиет факультетіне оқуға түскен.

Жас ақын алғаш атақты композитор Мәлік Жүнісұлы музыкасын жазып таратқан, «Электр» әні арқылы елге танылған. 1960- 1980 жылдары солақай саясаттың кесірінен қақпай көріп, баспасөз құқынан айрылған. «Көкейтесті» атты өлең-дастандар жинағы, «Махаббат құрбандары» атты дастаны (бірлеспе жинақ)  «Бетпе-бет» атты өлеңдер жинағы, «Дала заңы» атты дастандар жинағы баспадан шыққан. «Бетпе-бет» Жаңа дәуір әдебиеті үздік шығарма сыйлығына, «Дала заңы» Қытай аз ұлттар әдебиеті үздік шығармасы сыйлығына ие болған. 1984 жылы «Алтын қанат» балладасы Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкелік балалар әдебиеті сыйлығын алған.

«Қамшы» порталы ұжымы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір