• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:06:48
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 Экономика

Қазан басында отырған  қазақ әйелдері болашағынан қорқады

Біздің атқарушы билік мұндай шараларға алдағы уақытта мән беретін шығар деген үмітіміз зор.

«Аналитик» талдау орталығының есебінше, қазақтың қазан-ошақ басында отырған әйелдері ертеңіне жиі алаңдайтын болған.  Мамандардың есебінше,  үй шаруасында отырған қазақ әйелдерінің 34 пайызы елдегі әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету шараларына көңілі толатынын сөз етсе, үйде отырған әйелдердің  50 пайызы бұл жағына мүлдем қанағаттанбайтындарын ашып айтқан. Ал жұмыс істемей, бала күтіміне байланысты немесе тағы басқа себептермен үйде отырған әйелдердің 16 пайызы өздерінің болашақтарына сеніммен қарай алмайтындықтарын, зейнет жасына жеткенде, шынымен де, зейнет көретіндеріне сенімді емес екендерін баса айтыпты. Осылайша үй шаруасында отырған қазақ әйелдерінің мәселесі қазір өзекті болып отыр. Бұл ретте аталмыш талдау орталығының экономист-сарапшысы Тоғжан  Шаяхметованың айтар ойы бар. 
«Біз мүлдем жұмыс істемеген, зейнетақы қорын жинауға тіптен араласып көрмеген әйелдердің мәселесін айналып өтпеуіміз керек. Әрине, мұндай әйелдер отбасы ошақ қасында отырып істеген ісін мемлекетке бұлдамасы анық. Бірақ әр мемлекеттің бірінші капиталы адам екенін ескерсек, бір сәт жұмыс істемейтін әйелдердің де 63 жасқа келгендегі қамсыз өмірін ойластырған жөн екені даусыз.  Өзгелердің үйінде отырған әйелдеріне көрсетер құрметін мысал етсек: Германияда қандай да бір себеппен бала күтіміне байланысты немесе жұмыстан қысқарып қалуына қатысты үш баласы бар әйел үйінде алты ай мерзімнен артық отырар болса, үкіметтен арнайы 900 евро(мұны енді теңгеге есептеп көріңіз) ) жалақы алады.  Үкімет сол тағайындап отырған жәрдемақы есебінен оның зейнет жарнасын да үзіліссіз қалдырмайды. Ал Голландиядажұмыс істемей  үйде отыратын үш баласы бар әйелдерге ең төменгі ай сайынғы төленер жәрдемақы көлемі 300 евроны құрайды Ал бізде мұндай жүйені қалыптастырудың ауылы алыс екені даусыз. Бірақ сәл де болса осындай жүйелерді қолға алғанымыз жөн. Біздің атқарушы билік  сәл болса шетелдің тәжірибесін енгізуге бейіл. Ал мұндайда неге бейқам қалып отыр? Сондықтан осы мәселені кезек күттірмей қолданысқа енгізе басату керек. Олай етпесек, қазан басында жүрген әйелдер расымен де ертеңіне алаңдап отыр»,-дейді сарапшы Тоғжан Шаяхметова.

Бұл ретте біз «Аналитик» талдау орталығы жүргізген арнайы сауалнама нәтижесін сызбамен көрсетуді жөн көрдік. Сауалнамаға 24-30 жас аралағында 150 мыңдай әйел қатысқан.

Қарлығаш Зарықханқызы
Негізінде мамандардың пайымдауынша, қай жағынан алып қарасақ та біздегі үй шаруасында жүрген қазақ әйелдерінің еңбегі ескерілмей жатқаны рас. Олардың жинақтаушы зейнетақы қорында салынған қаржысы жоқтығын, әсіресе ауылдық аймақтарда жұмыстың болмауы, күнделікті істейтін күйбең тірлігі көп әйел қауымының еңбегі ескерілуі қажеттігін сөз еткен мамандар: «қалалы жерде жалақысы аз жұмысқа орналасса да әйел тірлігін жасар, бұл жерде ауылды жердегі әйелердің еңбегі ескерілмей жатыр. Олардың орта жастан асқандағы өмірлеріне алаңдайтыны да осыдан. Сондықтан бізге жұ-мыс істемейтін әйелдерге қатысты арнайы бір тереңдетілген мемлекеттік жоба ұйымдастырып, соны реттеп алу қажет» дейді.
«Мен Польша, Литва, Ресей елдерінде болдым. Олардың бұл реттегі іс-тәжірибесін көзіммен көрдім. Аталмыш елдерде әйел адамның асырауында екі баласы бар ма, ол әйел жұмыссыз ба, мемлекеттік органдар дереу оған жәрдемақы рәсімдейді. Ал бала  күтіміне байланысты демалысқа шыққан әйелдерге бұл елдерде арнайы жалақы төленеді. Ол жалақының көлемі бала санына қарай 1,3 мың евродан 1,5 мың евроға дейін есептеледі. Қазірде көптеген елде мұндай жүйе бар. Польшаның «Бала капиталы» атты арнайы бағдарлама қабылдап, жаңа туған балаға мемлекеттің арнайы капитал салуы, Ресейдегі «Ана капиталы», Корей еліндегі «Бала ресурсы» бағдарламалары – бізге сабақ болатын дүние. Әттеген-айы – біздің атқарушы биліктің мұндай үрдістерді ескере бермейтіндігі.  2020 жылдары бұрынғы Кеңес дәуірінде жұмыс істеп,  сондағы еңбек өтіліміне зейнетке шығып алғандардың қатары мүлде азаяды. Алғаш нарықтық экономика енген тұстағы жұмыссыздық мәселесі міне сол кезде шығады.  Сол кездегі жұмыссыз қалған әйелдерге ғана емес барша қауымға  2020-2025 жылдары қайтіп зейнетақы тағайындалмақ. Сондықтан бұл жерде тек қана әйелдердің ғана емес елдегі жұмыссыз азаматтардың  зейнетақысын мемлекет субсидиялауы тиіс. Бұған біздің бюджеттің қарым-қабілеті жетеді. Егер қарапайым халықтың тұрмысы артысын десе атқарушы билік осындай шараларды қолға алуы керек»,- деді Тоғжан Шаяхметова.

Біз жұмыссыз әйелдерге қатысты оңтайлы тәжірибе енгізіп алған елдердің тізімін арнайы сызбамен көрсеттік.  Мамандар мысал етіп отырғандай, расымен де бірқатар елдерде жұмыс істеемй отырған әйелдерге едеуір жақсы жағдай жасалған.  Ал біздің атқарушы билік мұндай шараларға алдағы уақытта мән беретін шығар деген үмітіміз зор.

Қарлығаш Зарыкқанқызы
Қарлығаш Зарыққанқызы

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір