• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:07:47
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

"Қаза тапқандардың саны азайды, бірақ, уланудан көз жұмғандар 12 пайызға артып отыр" - Министр

Жыл беру маусымы басталғаннан бері өрт азайғанымен, уланудан қаза тапқан адамдар саны 12 пайызға артып отыр

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүкіл жұртты есеңгіреткен қайғылы оқиға - 5 бүлдіршін қаза тапқан өрттің себептерін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жылу беру маусымы басталғаннан бері өрт азайғанымен, уланудан қаза тапқан адамдардың саны 12 пайызға артып отыр. 

-11 айлықтан 12 жасқа дейін 5 бала қаза тапты. Өрттің себебіне келер болсақ, пеш жаққанда қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Өрт содан шығып отыр. Содан кейін балалар түнгі уақытта қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер 7 минутта жеткен. Полиция мен жедел жәрдем де осы уақытта болған. Бірақ, өкінішке қарай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болмады, - деді Қ.Қасымов.

Министр Қасымов елімізде қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз емес екендігін, дегенмен, жылу беру маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталғаннан бері өрт біршама азайғанын айтып өтті.

-Ең бастысы, қаза тапқандардың саны азайды. Бірақ, уланудан қаза болғандар саны 12 пайызға артып отыр. Жыл сайын біздің өртке қарсы қызмет алдын алу шараларын жүргізеді. Соңғы бірнеше айда 1,7 млн жеке үйді аралады. 4 млн адаммен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жағдайға байланысты тағы жұмысты жалғастырамыз, - деді министр.

 Үкіметтің селекторлық отырысында  премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір