• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:09:35
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 NEWS

Қайтыс болған атақты актердің өмірінен естелік видео

Бірқатар отандық фильмдерде бой көрсеткен Бауыржан Оралбеков 17 шілдеден 18 шілдеге қараған түні қайтыс болған еді.

 Танымал продюсер әрі актер Нұртас Адамбай өмірден өткен отандық актер Бауыржан Оралбековттің өмірінен естелік видео жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бірқатар отандық фильмдерде бой көрсеткен Бауыржан Оралбеков 17 шілдеден 18 шілдеге қараған түні қайтыс болған еді. Қайғылы хабарды жеткізген әріптес досы Нұртас Адамбай желідегі парақшасы арқылы марқұмның отбасына көңіл айтқан болатын.

«Жанымды айтпай ұғар ағам әрі жанашырым өмірден озды. Бұл қалай болғаны? Алдағы уақытта демалысымда өзіңе барып, кездесемін деп отырып, бүгін сенімен мәңгі қоштасқалы отырмын.

Соңғы кездесуде «бақыттысың ба?» деп сұрғанымда «бақыттымын» деп жауап беріп едің.

Сені танитындардың бәрі ақкөңіл екеніңді жақсы біледі. Отбасыңа көңіл айтамын»,- деп жазған еді Адамбай.

Бауыржан Оралбеков тірісінде отандық бірнеше фильмге түсті. Оның ішінде атақты "Сәбина келін" ("Келинка Сабина") кинокомедиясында бас құданың рөлінде ойнап, көрерменнің жүрегіне жол тапты. Әрі актер халыққа КВН арқылы таныс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір