• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:42:47
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 NEWS

Қайрат Құдайберген шын жанашыр ма әлде пиар жасап жүр ме?

Бас дәрігері Абай Құсайынов «Қайрат Құдайберген 5 жасар баланың өзіне де, ата-анасына да ешқандай көмек көрсеткен жоқ» дейді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда ағаш түбінен төсенішке оранған бала табылған еді. Оқиға орнына барған белгілі депутат Қайрат Құдайберген баланың жағдайына алаңдап, ем-дом шараларын өзі қамтамасыз ететінін жеткізді. Ал бүгін балалар ауруханасының бас дәрігері Абай Құсайынов «Қайрат Құдайберген 5 жасар баланың өзіне де, ата-анасына да ешқандай көмек көрсеткен жоқ» дейді. 

«Ол емнің ақшасын төлеген жоқ. Бұл жалған! Баланы мемлекет емдеп жатыр. Әлгі оқиғадан кейін Қайрат тіпті баламен кездесу үшін ауруханаға да келмеді. Тек бала ауруханаға жеткізілген күні еріп келді», - деп баса айтты Құсайынов пресс-конференция барысында.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков бас дәрігердің сөзін растады.

«БАҚ өкілдері Қайрат Құдайбергеннің балаға көмектескенін жарыса жазып жатыр, бірақ мүлдем олай емес. Бала тегін емделіп жатыр. Мүмкін Қайрат ата-анасына көмектескен шығар, ол жағын білмедім», - деді Нұржан Исабеков.

Алайда Мүхаммедтің анасы да депутаттың тарапынан ешқандай көмек көрмеген. Анасының айтуынша, баланың жағдайы қалыпты. Ал Қайрат Құдайбергенді ұлы ауруханаға түскен күні бір рет қана көрген екен.

 Сонымен қатар Абзал Құсайынов баланың қазіргі жағдайы туралы айтты.

Дәрігердің мәліметінше, Мұхаммедтің денесінің оң жақ бөлігі әлсіреген екен, бірақ ол уақытша нәрсе. Қазір денсаулығы жақсы, тек әлсіз. Бір рет операция жасалған.

Ал пресс-конференция уақытында Қайрат Құдайберген желідегі парақшасына Мұхаммедке қатысты жазба жариялады. Жазбасында баланы емдеп жазған дәрігерлерге, ауруханаға алғыс айтыпты.

 

Альхамдулиллях 5 летний Аскароглы Мухаммед пришел в себя и переведен из реанимации в палату вместе с мамой. Огромное спасибо врачам, которые сделали все для того, чтобы Мухаммед выжил! Спасибо глав.врачу 1 детской клинической больницы, который держал все на личном контроле. Мама и отец плачут от счастья, невзирая даже на то, что преступник еще не найден. Они говорят главное, чтобы сын поправился. Давайте пожелаем Мухаммеду скорейшего выздоровления!

A post shared by Кайрат Кудайберген (@kudaibergen_kairat) on

«Аллаға шүкір, 5 жасар Асқароғлы Мұхаммед есін жиып, реанимациядан палатаға ауыстырылды. Мұхаммедті аман сақтап қалу үшін барын салған дәрігерлерге зор алғыс білдіреміз. 1 балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігеріне ерекше алғыс.

Анасы мен әкесінің қуаныштан жүректері жарылардай болып жүр. Баласының аман қалғанына шүкір дейді. Мұхаммедтің тезірек сауығып кетуін тілейік», - деп жазды Қайрат Құдайберген.

Істің мән-жайын анықтау үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігі депутаттың өзіне хабарласып көрді. Алайда телефоны сөндірулі. Парақшасындағы соңғы жазбаларына қарағанда депутат шетелде жүргенге ұқсайды.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір