• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:51:17
Алматы
+35°

26 Шілде, 2018 NEWS

Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді

Депутат Қайрат Құдайберген Орталық балалар ауруханасындағы дәрігерлердің айтқанын теріске шығарды.

Депутат Қайрат Құдайберген Орталық балалар ауруханасындағы дәрігерлердің айтқанын теріске шығарды.

Ағаш түбінен төсенішке ораулы күйде табылған балаға қатысты кеше Алматы қаласында баспасөз мәслихаты өткен болатын. Онда қатысқа Орталық балалар ауруханасының бас дәрігері «Көмектесемін деген Қайрат Құдайберген ештеңе де істеген жоқ» деп мәлімдеген.

Тіпті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков те бас дәрігердің сөзін растап, депутаттың зардап шеккен бес жасар бала үшін саусағының ұшын да қимылдатпағанын айтты.

Алайда Қайрат Құдайберген holanews.kz тілшілеріне баланың отбасына қалай көмектескенін тәптіштеп айтып берді.

«Оқиға жайлы әлеуметтік желіден білдім. Әкесінің нөмірін тауып, бірден байланысқа шықтым. Таңға жуық Мұхаммедтің әкесі екеуміз бас дәрігерге бардық. Оның неге ондай сөздерді айтқанын түсіне алмай тұрмын. Мен ауруханаға бармайынша, бас дәрігер баланың ата-анасын тіпті қабылдамаған. Дәрігерге өзім кіріп, жағдайды түсіндіруін талап еттім. Ол ешкімнің келмегенін, хабарласпағанын айтты. Ал мен ол кісілердің таңнан бері ауруханада екенін түсіндірдім. Сөйтіп бас дәрігерді баланың ата-анасына ертіп апардым. Бұл мәселені бәріміз бірге талқыладық. Дәрігер басқаша сайрай бастады. Бала үшін қолдарынан келгенінің бәрін істеп жатқанын айтты. Ал менен бұл ақпаратты таратпауын өтінді. Себебі баланың жағдайы 50-де 50 болып тұрған еді. Егер балаға бір жағдай болып қалса, бас дәрігер жауапкершілікті мойнына алғысы келмеді. Міне, осындай әңгіме болды», - деп түсіндірді депутат.

«Кейін қажетті қаражаттың бәрін өзім төлеп беретінімді айттым. Бірақ дәрігер баланың тегін емделіп жатқанын айтты. Анасына баласын көрсетуін де сұрадым, рұқсат етпеді. Келесі күнітіпті тұтқасын көтермеді. Анасын 17 сағаттан соң кіргізетін болды. Баланың жағдайы қалпына келе бастаған секілді болды. Бірақ дәрігер оны айтқысы келмеді, себебі балаға бірнәрсе болып қалуы ғажап емес еді. Бақса да дәрігерлер, хирургтер қолдарынан келгенін жасап жатты, оны өз көзіммен көрдім.

Бірнеше күн өткеннен кейін «тағы не істей аламыз?» деп сұрадым. Тіпті әкесінен баланы жеке палатаға ауыстыруды сұрадым. Ақшасын өзім төлейтінімді айттым. Кейін көмекшімді жіберіп, баланы жеке палатаға ауыстырдық. Ол үшін 86 мың теңге төледік. Анасы баласын жиі көріп тұрғанын қаладық. Тіпті барлық емін өзіміз төлегіміз келді. Алайда тек ақылы бөлімді ғана төлеу керек екен. Кейін дәрігер сүйегін қалпына келтіру керектігін айтты. Мен бар шығынды өз мойным алмақшы болдым. Біздің «Трансформатор» атты клубымыз баланы қолдауға дайын еді. Бірақ дәрігерлер ақшаны қабылдамапты. Медбикелер бар ақшаны әкесіне қайтарғанын естідім. Ал мен бір тиынын да алған жоқпын. Тіпті өзім ауруханаға бармасам да, әкесі Мұратпен байланыста болдық. Ал дәрігерлер журналистерді жинап алып, мені көмектеспеді деп айтқан. Шыны керек, таңырқап қалдым», - деді Қайрат Құдайберген.

Өз кезегінде Мұхаммедтің әкесі де Қайрат Құдайбргенінң көмектескенін жеткізді. Әйелінің неге олай дегенін Мұраттың өзі түсінбей дал. Айтуынша, депутаттың өзі келмесе де көмекшілерін жіберіп тұрады. Ал Құдайбергеннің өзі қала сыртында жүрген көрінеді. Тіпті Instagram-дағы парақшасына салған суретті де Қайрат Құдайбергеннің көмекшілері түсіріп, оған жіберген екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір