• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:41:51
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018

Қайрат Нұртастың жары екеуінің қалай танысқанын айтты

Жұлдызды жұпқа "Қайда? Қалай таныстыңыздар?" - деген сұрақ жиі қойылады екен.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің инстаграм парақшасына жары Қайрат Нұртаспен қалай танысқанын жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жұлдызды жұпқа "Қайда? Қалай таныстыңыздар?" - деген сұрақ жиі қойылады екен.

«2004 жыл...Күз... Жаңа оқу жылы... РЭЦК... Қайрат - вокал бөліменде, ал мен - актер бөліменде оқып жүрген кезіміз. Бір-бірімізді сырттай біліп жүргенімен, арнайы таныс болған емеспіз. Бір ай бойы көзбен ғана танысып, бір- бірімізді бақылап жүрдік. Бірақ, мен оны көрген сайын, жүрегім еріксіз жылып, жүзім жайнап, ішкі жан дүнием езіле қалатын. Алайда, санам бұл сезімдерді қабылдамайтын, мінезім де сезімдерге ерік бермейтін, жігітті менсінбейтін, өзіме де, өзгеге де қатал Жұлдыз болатынмын. Сонда да, бойжеткеннің жігітке сезімін бірінші еш уақытта білдірмеу керек деген, қағида санамда әбден сіңіп қалған.

Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асымды алып тұрған кезімде, Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша), қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Сол стол басында, өзімнің де топтастарымның отырғанын байқап, қасықты Қайраттан бұрын, өзімнің тақтайшама қойып алып, "Өзім апарып беремін"- дедім де, бір жимиып, жанынан өтіп кете бардым. Қайрекең тұрған бойда, артымнан қарап, үнсіз қала берді... Сол екі арада, көздеріміз тоғысып, ортамыздан бір ұшқын ұшып өткен тәрізді... Құдды үнді кинодағыдай болды. Мені ең бірінші рет көрген кезінде де, сол үнді актирсаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Алғашқы таныстығымыз осылай басталып еді... Ең тәтті, таза әрі алаңсыз өміріміздің бастамасы деп білемін. Жалпы, екеуміздің студенттік кезіміз қызығы мен қатар шыжығына да толы болатын» деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас 10 жылға жуық некелі әйелі, балалары бар екенін жасырып келді. Өзі басты рөлді сомдаған «Арман» киносы арқылы жары Жұлдыз Әбдікәрімованы қалың көрерменге таныстырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір