• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:53:29
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2017

Қайрат Нұртастың анасы кезекті жаңалығымен бөлісті

Еліміздегі көрермен саны жағынан алдыңғы қатарда тұрған белгілі әнші Қайрат Нұртастың бір жылдары KN атты ұлттық брендте киім тігетін дүкені ашылған. Алайда,...

Еліміздегі көрермен саны жағынан алдыңғы қатарда тұрған белгілі әнші Қайрат Нұртастың бір жылдары KN атты ұлттық брендте киім тігетін дүкені ашылған. Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты жабылып қалды. Талайлардың сүйіктісіне айналған әншінің бұнымен тоқтап қалар түрі жоқ. Енді Қайрат Нұртас өзінің мобильді қосымшасын шығарыпты. Бұл эстрада жұлдызының тыңдармандары үшін өте жақсы жаңалық. Олар ендігі әншінің әндері мен оған қатысты жаңалықтарды осы қосымшадан таба алады.

Бұл жаңалықпен әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Мобильді қосымша қолдануға ыңғайлы әрі қос тілде – қазақ және орыс тілдерінде жасалған.

Қосымшада Қайрат Нұртастың әндері мен альбомдары, оған қатысты БАҚ беттерінде жарияланған жаңалықтар, әншінің қолға алған жобалары бар. Бұған қоса, осы қосымша арқылы әншіні түрлі іс-шараға шақырып, тапсырыс беруге болады. Кез келген адам жаңа қосымшаны ұялы телефонына жүктей алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір