• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:29:41
Алматы
+35°

15 Қазан, 2018 Спорт

Параолимпиадалық  комитеттің президенті және «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Карлос Алосты бапкерліктен босатты.

 -Карлос -  испан футбол мектебінің түлегі, мықты маман. Бұл «Қайраттың» тарихындағы өте тәжірибелі жаттықтырушылардың бірі. Оның жұмысын жоққа шығара алмаймыз, мүмкін оның жеткілікті жұмыс істеуіне тілдік кедергі болған шығар. Бірақ соңғы бір жарым жылдағы еңбегі текке кетті дей алмаймыз. Карлостың жұмысына біздің көңіліміз толады.  Дегенмен, онымен қоштасуға тура келеді, өйткені ол негізгі міндетін орындай алмады. Бізге Қазақстан біріншілігінде жеңімпаз болу қиынға түсті және Еуропа  лигасының топтық кезеңінен шыға алмадық. Оған кім кінәлі, төрелік айтуға ауыр әрине. Алайда бұл жайтқа бәріміз де кінәліміз, - дейді «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

Әзірге «Қайрат футбол клубының жаттықтырушылық қызметін алып жүру аталған клубтың бұрынғы ойыншысы Андрей Карповичке жүктелді.

 Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір