• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:19:52
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2018 NEWS

Қайрат Әбдірахманов Сайрагүл Сауытбайдың мәселесінен хабарсыз

Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесі талқыланып жатқан жиын барысында журналистер Сайрагүл Сауытбайға қатысты сұрақ қойды.

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов "Шекараны заңсыз кесіп өтті" деген Сайрагүл Сауытбайдың жағдайынан хабарсыз. Бұл туралы министр бүгін үкімет жиыны барысында айтты. Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесі талқыланып жатқан жиын барысында журналистер Сайрагүл Сауытбайға қатысты сұрақ қойды. Алайда Әбдірахманов бұл жағдайды бұған дейін естімегенін айтты.

Бүгін үкімет отырысының үзілісінде Қайрат Әбдірахманов Қытайда ұсталған этникалық қазақтардың босатылғанын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, 12 этникалық қазақтың тоғызы босатылған. Әрі министрлікте 170 этникалық қазақ туралы мәлімет бар. Әбдірахманов олардың тағдыры үкміеттің бақылауында екенін де жеткізді.

Айта кетейік, 25 мамырда алматылық белсенділер Қазақстанға келіп, қайтпай қойған, сол үшін де қамауда отырған Сайрагүл Сауытбайға мемлекеттік және халықаралық деңгейде араша сұрау үшін әйелдің отбасы мен қоғам белсенділері баспасөз мәслихатын өткізген. Баспасөз мәслихатына қатысқан Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі Уәли Сіләм Қазақстан билігі мен қоғам белсенділерінен әйелін Қытайға қайтармау туралы сұрады. "Сотталса да, Қазақстанда сотталсын", - деген еді ол. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір