• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:16:37
Алматы
+35°

25 Маусым, 2017 NEWS

ҚАЙЫРБЕК КЕМЕҢГЕР. АТАМЕКЕНГЕ (АУДИО)

Омбы тумасы, Алаш арысының ұрпағы Қайырбек Кемеңгер Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына қатысты деп жазады Qamshy.kz тілшісі.

Омбы тумасы, Алаш арысының ұрпағы Қайырбек Кемеңгер Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына қатысты деп жазады Qamshy.kz тілшісі.

Ата-бабасы қасиетті Баянауылдан, тағдырдың тәлкегімен Омбы жерінде туып-өскен, Алаш ардақтысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Қайырбек Кемеңгер Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына делегат ретінде қатысты. Қайырбек Кемеңгер тектінің ұрпағы ғана емес ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилв атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті.

Омбы облысының Шарбақкөл ауданы Жанан ауылында туып өскен Қайырбек 1988 жылға дейін «халық жауының тұқымы» деген қара таңба таңылып келсе де, атасы «Кемеңгер» тегін сақтаған.

Тура 100 жыл бұрын Екінші Жалпықазақ съезіне делегат болған Қошке бабасындай Қайырбек те өлеңге жақын, жүрек лүпілін жыр арқылы өрнектейді. Ормандай орыс арасында жүріп, орыс мектебін бітірсе де, 2002 жылы Алматыда Жазушы баспасынан «Атамның аманаты» атты жыр жинағын шығарған. Сол кітапта ата жұрттың қадірін, елге деген сағынышын, өмірлік ұстанымын «Атамекенге» атты өлеңінде өрнектеген.

Алаштанушы, қаламгер Қайырбек Кемеңгердің аталған өлеңдегі «Қазақстанда тумасамдағы, Қазақстанда өлейін деп ем...» деген жалынды сөздері - құрылтайға көз тіккен, әлемде тарыдай шашыраған қазақтың «Атажұртқа сағынышы» іспетті. 

Атамекенге

 

Арманым асқақ – Астанам қайда?

Жататын жеке баспанам қайда?

Ғылыми жұмыс бастаған қайда?

Білмеймін, бәрін тастағам жайға.


Арманның отын өшіргенім бе?

Ауылын алшақ көшіргенім бе?

Үміттің гүлін өсіргенімде,

Тағдырым, мені кешірмедің бе?


Ұқпай-ақ қойдың жайын баланың,

Өзіңе бірақ уайымдамадым.

Түсінбей талай мойындамадың

Менде де талант бойымда барын.


Мен үшін ақ таң атар екен бе?

Көкшені көп жыл шаһар етем бе?

Керексіз болып жатар екем бе,

Оралған кезде Атамекенге?


Омбыны тастап ақ қайыңменен,

Жұртымнан жырақ жатпайын деп ем.

Салтымды таза сақтайын деп ем,

Үмітін елдің ақтайын деп ем,

Жүрісті мына мақтайын немен?


Мерейім өсіп мерейіңменен,

Атажұрт, саған келейін деп ем.

Барымды саған берейін деп ем,

Бәрін де сосын көрейін деп ем.

Қазақстанда тумасам дағы,

Қазақстанда өлейін деп ем.


Қайырбек КЕМЕҢГЕР

2001

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір