• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:19:22
+35°

09 Шілде, 2018 Әлеумет

"Қай бетімді шымшиын". Орыстың тойы "орыс келіннің" көзімен

Желіде басынан өткен түрлі оқиғаларды баяндап отыратын ол орыстардың тойы жайлы да бірер сөз жазыпты.

Қазақстанға келін болып түскен ресейлік Анна қазақ отбасына әбден сіңіскен. Владивостокта туып-өсіп, Жапонияда жұмыс істеп, бүгінде қазақ жігітінің бағына айналған ару Facebook және Instagram парақшаларында «орыс келін» деген атпен танымал. Желіде басынан өткен түрлі оқиғаларды баяндап отыратын ол орыстардың тойы жайлы да бірер сөз жазыпты. Аталмыш жазбасы арқылы қазақ ұлтының жоғары мәдениетін көрсеткісі келген болар деген оймен Qamshy.kz ақпарат агенттігі сайтта жариялауды жөн көрді.

Орыс келін

«Келесі тілек күйеу жігіттің ағасына берілді: «Біздің Сережа бала күнінде жүйрік еді, тез жүгіретін. Бірде құлап қалып, тізесін жаралап алды. Жылады... АЩЫ... ». Анасы Сережаны аяп, оған су берді. Алайда бөтелкелерді шатастырып алған болуы керек, арақ құйып жіберіпті. Сережа ішіп алды да... «Ащы!». Сережа әбден қызып алған. Әр «ащы» сайын жастардың бір-біріне деген құштарлығы да сөніп барады. Келесі тілекте жай ғана «чмок» болды. Ішкі ұятым оянып барады.

Тілек аяқталған соң тамада сөйледі: «Жастардың құштарлығын-ай, сәл суытпаса болмас. Еркектер қауымы сыртқа шығып демалып қайтсын», - деді де, кетіп қалды.

Екінші үстел басталып, ойындарға кезек келді. Біреуінің белінде қарындаш, екіншісінде бөтелке байланған. Шарт бойынша әлгі қарындашты бөтелкеге кіргізу керек. Енді бірі апельсинді қолдың көмегінсіз екінші адамға беру керек. Серігінің көзі байлаулы тұр.

«Жастардың өмірі жеңіл болсын десек, енелер құшақтарыңды ашыңдар», - деп еді тамада, құда-құдағилар құшақтаса жөнелді. «Жар-жардың» орнына Алегрованың «Свадебные цветы» әні орындалды. «Қызыл өрік» пен «Аспанға қараймынның» орнына халық Сердючканың әндеріне секеңдеп билеп жүр. Бір ер адамның отырып билегеніне қарап, көз алдыма «Қара жорға» биі елестеді.

Тойбастар таратудың орнына көк және қызғылт жөргекке ақша жинады. Жөргектегі жиналған ақшаға қарап, жастардың бірінші баласының жынысын анықтамақ болды. Қалыңдықтың ішіне қарасаңыз, бірнеше аптадан кейін-ақ баласының жынысын УЗИ арқылы да анықтап алуына болатындай.

Тойдан соң қалыңдықтың аяқ киімін ұрлап кетті, кейін өзін де алып қашты. Бірақ күйеу жігіттің үйіне емес, шылым тартатын орынға апарып, біраз ұстады. Күйеуі жігіттің досы қалыңдықты қайтарып алу үшін, стриптиз биледі.

Қалыңдық гүл лақтырды, енді күйеу жігіттің де кезегі келді. Ол жіп лақтыру керек (батыстың әсері). Күйеу жігіт қалыңдығының белдемшесін көтеріп, тісімен көк жіпті шешіп жатыр. «Қасқаааа, қай бетімді шымшиын» дедім ішімнен, өзім ызадан жарылып кетердей тұрмын. Ал күйеу жігіт әлгі жіпті достарына лақтырып жіберді.

Той біткен соң дастархандағы тамақты даяшылар түгел жинап алды. Үйге сарқыт алып барам деген үмітім үзілді. Ет асылмады, сүтпен шай ішілмеді.

Жастар торт кесті, сосын бір-біріне жегізді.

Той төбелессіз өтпеді. Күйеу жігіттің жақын досы туыстардың бірімен сөзге келіп, сыртқа шығып кетті.

Жастар тойына тек ең жақындарын шақырды».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір