• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:05:08
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2018 NEWS

Қасымов Сыздықоваға ашулы екенін жеткізді

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ресми сапармен Алматы қаласына келіпті

Бүгінде қоғамның назарына ілігіп, біршама халықтың қарғысына ұшыраған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ресми сапармен Алматы қаласына келіпті. Қазақстанды ғана емес, барша әлемді дүрліктірген оқиға – Денис Теннің қазасынан кейін қоғам жаппай министрден орнын босатуын талап еткен болатын. Times.kz порталына берген сұхбатында министр Қасымов аталмыш жайтқа қатысты айтып берді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрмен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынады.

– Қалмұханбет Қасымов мырза, мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенді өлтіріп кетті деген хабарды естігенде қандай жағдайда болдыңыз? «Халық менен орнымды босатуды сұрап отыр, болды кетемін» деп ойладыңыз ба, әлде «Бұлай болмайды, барлығын жұмыстан шығарамын» деген ой келді ма?

– Мұндай ойдың ешбірі де келмеді басыма. Ең бірінші, қылмыскерлерді тездетіп табуды ойладым. Кейіннен халық арасында шу басталып, мені орнынан кетсін дегенде, қоластымдағы қызметкерлер Алматыда кеңес өткізуді ұсынды. «Ішкі істер департаментінің басшылығы ауысты деп айтайық» деді. Бірақ Күдебаевты немесе оның орынбасарын не үшін қызметінен босатамыз? Олар нақты әрі жақсы жұмыс атқарды емес пе...

Біздің мақсатымыз – қылмыстың бетін ашу. Олар бұл тапсырманы мүлтіксіз орындады.

– «Олар» деген кімдер? Білуімізше, генерал Күдебаев пен оның бірінші орынбасары Нұрлан Масимов еңбек демалысында болатын.

– Ізбасар Бектұров есімді орынбасары ІІД басшылығының қызметін атқарып, оқиға орнына дереу жеткен еді. Бірінші орынбасары Нұрлан Масимов өз орнында болды, бірақ Бектұров – негізгі қызмет атқарушы... Егер ол өзі бармай, Масимовты жіберген болса, түсініспеушіліктер олар еді. Ал еңбек демалысында жатқан ІІД басшысы екі күнде қызметіне келіп үлгерді.

Ол Алматыға келіп, тергеу жұмыстарына арнайы қатысты. Сонымен қатар, менің бұйрығым бойынша Астанадан ІІМ-нің криминалды полиция басшысы Арманбек Баймурзин ұшып кеткен болатын. Ол істің жүргізілу барысын өз бақылауына алды.

– Ал сіз ше? Бүгінде көпшілік министр неге бірден өзі ұшып келмеді деген сауалдар қоюда?

– Мен Ақтауда іссапарда жүрген болатынмын, дегенмен маған оқиға орнынан хабарларды дереу жеткізіп тұрды. Ал кейіннен Баймурзин істі өз бақылауына алғаннан соң, мен де бұл істің бір жерін де жібермей, қадағалап отырдым: сағат сайын маған бәрін хабарлап айтып отырды – қандай күштер жұмылдырылғанын, қылмыскерлерді ұстау үшін қандай шаралар қолданылуда – барлығын. Ол кезде Мен Ақтау қаласынан Бакуге ТМД елдерінің Ішкі істер министрлерінің жиналысына ұшып кеткен едім.

– Өзіңіздің орныңызға біреуді тағайындап, жедел түрде Алматыға ұшып келуге болмас па еді?

– Оның ешқандай маңызы болмады: түнгі сағат 2:00 шамасында бірінші күдіктіні қолға түсірді де, ертесінде күндізгі уақытта екінші күдікті қолға түскен еді. Сонымен қатар, Алматыға менің бірінші орынбасарым Жанат Сүлейменов ұшып кеткен болатын. Қылмыскерлерді тауып, қолға түсіру жұмыстары жақсы ұйымдастырылып, сәтті аяқталды.

– Иә, оны білеміз!

– Бірақ біз оны қалай іске асырғанымызды білмейсіздер, ешкім де білмейді...

– Мүмкін айтып берерсіз?

– Не үшін? Қылмыскерлер сіздің газетіңізді оқып алып, келесі жолы қолға түспес үшін қалай қадам жасау керектігін біліп отыру үшін бе? Тек бірнәрсе ғана айта аламын: аяқ астынан бүкіл қалада ауқымды операция жүргіздік, көптеген қызметкерлер қатысты, барлығын жылдам әрі тыныш істеуге тырыстық, жүздеген тұрғыннан жауап алып, күндіз-түні жұмыс істедік. Таңға жуық, операция аяқталғаннан кейін істің мән-жайы анықталды. Бірінші күдіктіні қолға түсіріп, екіншісінің қай айданда жүргенін анықтадық. Мұндай жетістікте, әрине, Алматы қаласының ІІД үлесі зор екені сөзсіз.

– Ал Астанадағы полиция қызметкерлеріне қатысты не айтасыз? Қылмыскер деп танылған Арман Құдайбергеновті Сапар Шамшиева есімді тұрғынның көлігінің айнасын ұрлап қолға түскенде қамаудан босатып жіберген солар емес пе?

– Құдайбергеновті көлікке ұрлыққа түскен сәтінен полиция патрульдері қолға түсірген, кейіннен біз жәбірленушіні, яғни көліктің иесін таптық.

Қолға түскен қарақшы бірден полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оның ісі тіркелген болатын.

– Алайда Шамшиева өзін Алматы ауданының полиция басқармасында алдағанын айтқан еді. Алғашында, Құдайбергенов уақытша қамау изоляторында отырғанын айтып, кейіннен оны қолхат жаздырып, босатып жібергенін естіген. Фэйсбук желісінде оны Алматыға «мейірімді» полиция қызметкерлері үшін «рахмет» жинауға кетті деген де сөздер айтылды. Бұған қатысты не айтасыз?

– Соңғы айтылғаны, әрине, ақылға қонымсыз. Ондай болған жоқ. Арман Құдайбергенов Нұралы Қиясовқа қарағанда тәжірибелі қылмыскер, ол заңды жақсы біледі. Сондықтанда Шамшиеваның көлігіне ұрлыққа түсіп, ұсталғаннан кейін ол қоңырау шалып, жәбірленушімен келісімге келуге тырысқан. Тергеуші қылмыстық іс кезінде күдікті мен жәбірленушіге келісімге келу туралы айтуы қажет. Бұл істің мән-жайы әлі анықталуда. Алматы аудандық полиция қызметкерлерін кінәлауға негіз жоқ.

– Қалайша негіз жоқ? Олар ұрлық жасап сотталған адамды қамаудан босатып жіберіп отыр емес пе? Демек, полиция бір рет қылмыс жасаған адамға екінші рет қылмыс жасауға мүмкіндік беріп, қатаң жазаға тартпайды ма?

– Олар заңға қайшы қандай әрекет істеді? Факт тіркелді. Қылмыстық істі жаңа заңнамалық актіге қатысты жеңілдетілген тәртіп бойынша жүргізді, ал істің электронды құжаты прокуратураға 26 шілдеде жіберілуі тиіс еді. Тергеушінің қандай кінәсі бар? Статистика бойынша, 20148 жылдың бірінші жартысында 2271 қылмыстық құқық бұзушылық пен 12 мың қылмыс жасалған, оның 9548-і орташа ауырлық дәрежесінде. Ол қылмыстық істер бойынша қамауға алуға біздің құқымыз жоқ.

– Естуімізше, бел депутат Бақыт Сыздықова сізге хабарласып, қоғаммен кездесуге өзінің көмегін ұсынған екен...

Иә, Бақыт Сыздықовамен ондай жағдай болды. Іссапарда жүргенімде жұмысым басымнан асып, қолым тимеді: ресми кездесулер, әріптестермен келіссөздер жүргізу, Денистің өлімінен кейінгі қылмыстық іске қатысты қоңыраулар – мүлде қолым босамады. Кенеттен телефоныма біреу қоңырау шалып: «Сәлеметсіз бе, мен (аты-жөнін айтып) осындай депутатпын, мені танисыз ба? Қаласаңыз сізге пресс-конференция ұйымдастырып берейін!» деді. Мен «Ойланып көремін» дедім де тұтқаны қоя салдым. Депутаттың сөздеріне аса мән бермеген едім, себебі оның мұндай көмегіне мұқтаж болмадым. Айтпақшы, мен ол депутатпен жеке таныс емес едім, тек бір-екі рет парламентте көргенім бар. Келесі күні ол Фэйсбук парақшасына өзінің және мені суретімді салып, «Сіздерге уәде бергенімдей, министр Қасымовпен оның қызметтен кетуіне байланысты сөйлестім. Ойланып көремін деді!» - деп жазып қойыпты. Өзіңіз ойлап қараңызшы!? Енді не істей аламыз, кейбіреулер қандай жағдай болмасын, өзін «пиар» жасап қалуға тырысады. Ал бірден халықпен кездесу жайында айтар болсақ, сіздің айтқаныңыз рас-ау, біз әлі қоғамның сеніміне кіре алмадық, оны әлі үйренуіміз керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір