• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:57:05
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде жеке парақшасын ашты

"Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық ең көп пайдаланатын əлеуметтік желілердің бірі -Instagram-нан өз ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым" - деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Құрметті Отандастар! Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым. .............. Уважаемые соотечественники! Недавно я призвал акимов регионов оперативно реагировать на запросы граждан и активно работать в социальных сетях для налаживания обратной связи с населением. Как вы знаете, уже несколько лет активно использую сеть Twitter и делюсь своим мнением о важных для нашей страны событиях. Решил продолжить эту практику в популярной сети Instagram.

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)


"Еске салайық, соңғы уақытта Instagram желісінде Президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кетті, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес. Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекен-жайы @tokayev_online", - деді Берік Уәли. 
 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір