Қасым ханның қымызы немесе Вильгельмнің сырасы...

Қасым ханның қымызы немесе Вильгельмнің сырасы...
Ⓒqamshy.kz

И.Ильф пен Е.Петровтың «12 орындық» романын оқыған боларсыз. Сол кітапта мынадай керемет сөз бар: «Статистика – бәрін біледі».

Романдағы кейіпкеріндей бриллиант іздемесек те статистиканы шарлап отырып бір жайды көріп, көңілім құлазып қалды.

Миымда Вильгельм мен Қасым хан айқасып, «Он екінші» орындықтағы пиво бірінші орындықта, ал іздеп жүрген қымыз мүлде басқа жақта болып шықты.

Статистиканың Вильгельмге, Қасым ханның медицинаға қандай қатысы бар дейтін боларсыз. Ендеше әліміз жеткенше түсіндіріп көрейік.

Статистикада мен мынадай сандарды көрдім.

«Қазақстанда 2018 жылы 517,4 миллион литр сыра шығарылыпты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% көп».

Түсініп отырсыз ба, бір ғана жылда 517,4 миллион литр сыра!

Тарихқа сәл шегініс жасайық.

1516 жыл.

Біздің бабаларымыз жайлауда жатып, саумал қымыз ішіп жатқанда Бавария билеушісі IV Вильгельм сыра туралы заңға қол қойды. Бұл оқиға тарихта «немістің таза сырасы» деген атпен қалды. Ойлап қараңыз, сонау Қасым ханның кезінде неміс сырасы брендке айнала бастады. Король сарайында графтар, маркиздер бокал соғыстырып, сыра ішіп жатқанда біздің бабаларымыз ағаш тостақтағы бал қымызды сіміріп, рахатқа батқан еді. Осыдан үш жыл бұрын...

1513 жыл.

Қазақ ордасының атақты билеушісі Қасым ханға Моғолстан елінен Саид хан елшілікке келді. Бұл кезде әлсіреп жатқан моғолдар Қасым ханның 300 мыңдық әскерінен көмек сұрай келген еді. Сонымен елшілер бірнеше ай қазақ ханының сыйлы қонағы болды. Қасым ханның бүкіл үйірге татитын екі жылқысы бар еді. Соның бірі Оғлан Тұрықты моғол ханына сыйлайды. Сыйлыққа риза болған елшілер тағы да бірнеше ай қалуды жөн санаса керек.

Өз елінің жайын таныстырған Қасым хан дала көшпендісінің ең қымбат қазынасы – жылқы, ал ең сүйікті сусыны – қымыз екендігін түсіндіреді. Осы кезде хан ордасында мынадай қызық оқиға орын алды. Қасым хан қонағына қымызды ұсынғанда, ол одан бас тартып, ішімдікті қойғанын айтты.

 Қасым хан:

«Бұрын айтқандай біздің сусынымыздың ең кереметі – жылқының сүті және одан дайындалатын тамаша өнімдер болып табылады. Егер бұл өтінішімізді орындамасаңыз, қонақ күтуде әлжуаз болып қаламыз».

Осыдан соң Саид хан 20 күн бойы қазақ ханымен қымыз ішіп, жайлауда демалады. Еліне оралған Моғолстан әміршісі Қасым ханның осы сыйын өле-өлгенше айтып жүрген екен.

Екі халық та өз сусындарын мақтан тұтты және «үздік» екендігіне ешқашан шек келтірген емес. Иә, келісемін, әркімнің өз шындығы бар. Бірақ ақиқат күн сияқты, бәрімізге ортақ. Мүмкін сіз мені өз жұртын дәріптеп бос мақтанға салынды деп сөгетін боларсыз. Онда ақиқаттың жігін ашу үшін ғылыми медицина тілімен сөйлейік.

  • Сыра есте сақтау мен зейінді нашарлатса, қымыз керісінше ойлау қабілетін жоғарылатып, сергек жүруге көмектеседі.
  • Сыра ішкен адам бауыр гепатитіне ұшырап, жүрегінің жұмысы бұзылса, қымыз жүрек жұмысын жақсартып, жүйке жүйесін қалпына келтіреді.
  • Сыра бүйрек тамырларын зақымдап, ерлердің жыныстық қабілетін төмендетсе, қымыз әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды.
  • Қымыз құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне ықпал етеді. Саумал қымыз ем ретінде буын ауруларын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың бірден-бір емі. Сыра ішкен адамның тәбеті шектен тыс ашылып, мұның соңы ас қорыту мен асқазан жұмысын бұзса, қымыз ішкен адамның тәбеті жақсарып, ас қорыту жүйесі еселеп артады. Сол себепті қымыз күні кешеге дейін далалық фармацевтикада нөмірі бірінші препарат ретінде қолданылып келді. Қасым өзінің құрметті қонағы Саид ханға қымыз ұсынуы да бекер емес. Ал айранның арқасында ауруынан айыққан Англия патшасы Арыстан жүректі Ричардтың жайы оқырманыма белгілі.

Қазақта «Сұрап алған аурудың емі жоқ» деген керемет сөз бар.  Егер осыны біле тұра зиянды сусынды сіміре беріп, соңында «бауырым ісіп кетті», «бедеу болып қалдым», «менде гастрит бар екен», «тез ұмытшақ болып барам», - деп шағымданудың қажеті жоқ.

Миллиондаған литр сыраның шығарылғанына қарағанда демек халық арасында сұраныс бар. 517,4 миллион литр сыра сыртқа ағып немесе далаға төгіліп жатқан жоқ. Ол сіздің немесе бауырыңыздың, апа-қарындасыңыздың, болмаса жақын танысыңыздың ішіне кетіп жатыр.

Қымыздың өзін бабымен ішкен бабаларымыз немістің сырасымен ауызын да шаймас еді ғой.

Енді Қасым ханның қымызын ішесіз бе, әлде Вильгельмнің сырасын ішесіз бе, ол жағын өзіңізге қалдырдық.

Р. Рамазанұлы, тарихшы, “Әлем халықтары жазушылары одағының” мүшесі

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 115
    2
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1318
    3
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 303
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 343
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    16/02 10:24 0 512

    Таныстырылғандар

    Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
    Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
    Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
    Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін есте сақтайтын маңызды нәрселер.
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 16:46 0 865
    Жас отбасыларға қашан пәтер беріле бастайды?
    Жас отбасыларға қашан пәтер беріле бастайды?
    Жас отбасыларға қашан пәтер беріле бастайды?
    ҚР Әлеуметтік даму министрі Дархан Қалетаев жас отбасыларға пәтер қашаннан беріле бастайтынын айтты
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:18 0 998
    Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
    Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
    Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
    Азат Перуашев Қостанай өңіріне сапары аясында «Қазақ тұлпары» жылқы зауытына барып, серіктестік басшылығымен кездесті
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:49 0 742
    "Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды
    "Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды
    "Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды
    Назарбаеваның айтуынша, елімізде түйіні шешілмей тұрған мәселелердің бірі – сауда саласы екен.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 16:18 0 5232
    "Біздің сүйікті дәрігер енді арамызда жоқ..."
    "Біздің сүйікті дәрігер енді арамызда жоқ..."
    "Біздің сүйікті дәрігер енді арамызда жоқ..."
    Көзінің тірісінде Мәди Қожаұлымен жиі сұхбаттасатынбыз. Ол кісі журналистермен әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көретін.
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 13:52 0 1126
    "Ішкі ағза картасына" қарап, қай жеріңіз ауыратынын анықтап алыңыз да, ертерек емделіңіз
    "Ішкі ағза картасына" қарап, қай жеріңіз ауыратынын анықтап алыңыз да, ертерек емделіңіз
    "Ішкі ағза картасына" қарап, қай жеріңіз ауыратынын анықтап алыңыз да, ертерек емделіңіз
    "Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде"
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 19:23 0 1596
    Британдық ғалымдардың обырға қарсы революциясы
    Британдық ғалымдардың обырға қарсы революциясы
    Британдық ғалымдардың обырға қарсы революциясы
    Терапияның жүрек айну, әлсіздік, мұрыннан қан ағу сынды кері әсерлері де бар. Алайда, ол өтпелі.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 10:59 0 319
    5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
    5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
    5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды
    Астанада 4 ақпан күні болған жантүршігерлік оқиғада бір үйдің 5 қызы тірідей өрттің құрсауында қалған болатын
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 11:48 0 4095
    Шекара маңынан табылған 22 жастағы қыз: Жасым үште... (видео)
    Шекара маңынан табылған 22 жастағы қыз: Жасым үште... (видео)
    Шекара маңынан табылған 22 жастағы қыз: Жасым үште... (видео)
    Мама арақ ішіп, ұрғасын шығып кеттім.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 14:00 0 4768
    Көп балалы аналардың жанайқайы: Үй сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныма 14 жыл болды
    Көп балалы аналардың жанайқайы: Үй сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныма 14 жыл болды
    Көп балалы аналардың жанайқайы: Үй сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныма 14 жыл болды
    Жоғарыда ШҚО-дағы жоқшылықта күн көріп келе жатқан отбасылардың тек бір аз бөлігінің ғана жағдайлары баяндалған
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 14:10 0 1916
    Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған
    Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған
    Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған
    Сот отырысында барлық тарап тыңдалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 18:04 0 4505
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 14:08 0 1044
    Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
    Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
    Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
    Журналистер одағы деген бар, бірақ оның атын да естімейміз, не істеп жатқанынан да бейхабармыз.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 18:17 0 1070
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Мен – молдамын, үйім, балаларым бар, орман шаруашылығында  күзетші болып жұмыс істеймін.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 13:59 0 1603
    Алматылық жігіт Лениннің «қансыраған» басын балтамен шаппақ (видео)
    Алматылық жігіт Лениннің «қансыраған» басын балтамен шаппақ (видео)
    Алматылық жігіт Лениннің «қансыраған» басын балтамен шаппақ (видео)
    Әлеуметтік желіде Алматылық жігіттің видеосы таралып, талқыға түсті
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 15:09 0 5165