• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:35:27
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2017 NEWS

Қарттар үйінің қызметкерлері мүгедектердің өмірін тозаққа айналдырған

Прокурорлардың шұғыл тексерістері нәтижесінде, мүгедектер мен науқастарға деген немқұрайлы әрекеттер әшкере болды. Оны өзге емес, сол қарттар үйінің...

Прокурорлардың шұғыл тексерістері нәтижесінде, мүгедектер мен науқастарға деген немқұрайлы әрекеттер әшкере болды. Оны өзге емес, сол қарттар үйінің қызметкерлерінің өздері ұйымдастырған, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.
Бұдан өзге, қариялар тегін берілетін жаңа киім-кешектердің орнына, қайтыс болған пациенттердің ескі-құсқы киімдерін киіп келген.

Бойын әбден үрей билеген әжей, жылдар бойы шындықты ішіне бұғып келіпті. Мекеме қызметкерлері жайлы теріс пікір айтудан жасқанады. Іштегі сырды тек тексеріспен келген прокурорлардың біріне ғана жайып салды.

Бірақ, мекеме қызметкерлерінің айтары басқа. Өздеріне бағытталған сынмен келіспейді. Айтуларынша көкөністердің бәрі де жеуге жарамды. Сондықтан да дәл осы азық-түліктерден ауыр науқастарға түрлі тағамдар әзірленіп келген.

Ең сорақысы, «ас үй» деп аталатын бөлмеден кеміргіштерге арналған У, ал тағамдарынан ішек таяқшалары табылды. Зерттеу қорытындыларына сәйкес, барлық пациенттер астан уланған болып шықты. Бірақ, науқастардың біріне де дер кезінде қажетті ем-шара тағайындалмаған. Мекеме басшылары осылайша, мүгедектерге тиесілі дәрілік заттар есебінен қаржы үнемдемек болған. Ал, ауруы асқынып, қайтыс болған қарттарға қатысты деректер бүгінге дейін жабық күйінде қалған.

«Қайтыс болғандығы туралы анықтаманы мүгедектер үйінің өздері дайындайды. Мұнда көз жұмған марқұмдардың  ешбіріне өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама жүргізілмеген. Осылайша, кез келген қылмыс жабулы күйінде қалып келген» — Облыстық прокуратура басқармасының басшысы Сәбит Шембеков.

Интернат жетекшісі мекемеге тағылған айыппен келіспейді. Айтуларынша, жағымсыз жайттардың бәрі дәрігірлер қателігінен болған. Сондай-ақ, жалақы төмендігіне байланысты білікті мамандар тапшы көрінеді. Сондықтан «ақ халаттылардың барлығы «тәжірибесіз студенттер» — дейді.

«Бәріне дәрігерлер кінәлі. Бізде ақ халаттылар өте тапшы. Психиатр, невропатологтар жарты ставкаға ғана келеді.Ақыр соңында оқуды жаңадан бітіргендердің біліксіздігі үшін мекеме жетекшісі ретінде мен кінәлі атанып шыға келемін» — психоневрологиялық интернаттың директоры Гүлсара Егенбаева.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, психоневроргиялық интернаттар пациенттердің барлық тұрмыстық қажеттіліктерін облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етуі тиіс. Бұған қоса, науқастарға есту аппараттары, көзілдірік және ортопедиялық өнімдер тегін берілуі қажет. Дегенмен, бақылау органдарының бұл тексерісінен соң бірқатар қызметкерлер жазасын алды. Облыс бойынша әлеуметтік-медициналық мекемелердің 18 жетекшісі қызметінен босап, 73 адам жазасын алды. Бұған қоса, олқылықтарды реттеу мақсатында бюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір