• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:00:13
Алматы
+35°

03 Тамыз, 2018 Әлем

Қартаң әйел зейнетақы үшін өлген күйеуімен бірге тұрған

Екатеринбург тұрғыны қайтыс болған жұбайын жерлеудің орнына, оның денесін бірнеше ай бойы пәтерінде сақтап келген...

Екатеринбург тұрғыны қайтыс болған жұбайын жерлеудің орнына, оның денесін бірнеше ай бойы пәтерінде сақтап келген. Ерлі-зайыптылардың көршілерінің айтуы бойынша, әйел күйеуінің атынан зейнетақы алып отырған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ер адамның қайтыс болғанына бірнеше ай болғандығы белгілі болды. Себебі пәтерден ұзақ уақыт бойы жағымсыз иіс шығып тұрған. Бірнеше ай бойы жерленбеген мумияға айналған мәйіт Куйбышев көшесіндегі үйдің ауласынан табылыпты. 

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, күйеуін бірнеше ай сақтаған әйел мәйітті халатқа орап, көшеге шығарған. Соған қарағанда ол мәйіттің мүрдесін қоқысқа тастамақ болған, алайда жеткізе алмапты. 

Екатеринбург бойынша ІІМБ ер адамның мумияға айналған мәйіті табылғанын растап, оның өлген уақыты мен себебін сарапшылар анықтайтынын мәлімдеді.

Отбасының таныстары ерлі-зайыптының ішімдікті жиі ішкенін, ал әйел кейде қайыр тілегенін мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір