25Қыркүйек

"Қарындасым" деп жүріп қырындайтындар көбейіп барады

"Қарындасым" деп жүріп қырындайтындар көбейіп барады
Ⓒашық дереккөзден

Қазақ деген бауырмал, сыйластықты бірінші орынға қоятын халықпыз. «Аға» деп қарындасы құрмет көрсетсе, «қарындасым» деп ағасы қамқорлық танытса, ғажап қой! «Аға» деп аңқылдап тұрған бойжеткенге өмірде неше түрлі аға кездеседі. Бірі шынайы бағыт-бағдар сілтеп, ақылын аямаса, енді бірі отбасылы бола тұра, гүлді құшырлана сүйіп, сабағымен суырып алғысы келеді. Әңгіме солар жайында болмақ.

Мұхамеджан Тазабеков бір сұхбатында: «Бүгінде қоғамдағы ең үлкен мәселелердің бірі – ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас, жақындық ең жоғарғы деңгейге шықты», - деген еді. Рас. Бүгінде ер азаматтар қауымы өзінен бірнеше жас кішкентай, кейбірі тіпті қызындай, немересіндей қыздарға көз салып, қырындауды намыс көрмейтін, керісінше ер-азаматқа сай қылық деп санайтындай. «Шіркін-ай, біздің қазақтың ер-азаматтарына ерік пен мүмкіндік берсең, қос-қостан әйел алып, оның сыртында өзге қарындастармен көңіл жарастырудан тайынбайды» деп ер-азаматтың атына сын айтатындар көп. Себебі бүгінде «қарындасым» деп жүріп іштей қызығатын, кейіннен қырындайтын ағалар баршылық.

Олар қандай ер-азаматтар дейсіз ғой? Ордалы отыздан асып, бір машина мінген, балалы-шағалы, сырт көзге төрт құбыласы тең адамдай көрінетін, комплимент десе аянбайтын, қалжыңдап тиісіп қалатын, керек десе сөзбен іші бауырыңа кіріп, елтіп алатын, көмек қажет болса аянбайтын ағалар.

Бірде бірге тұратын құрбым өзінен бірнеше жас үлкен әрі отбасылы әріптесі жайында: «Үйінде жүкті әйелі бар әріптесім мені кездесуге шақырды», - дейді. «Мен ол кісіні өте қатты сыйлайтын едім, ұжымға да сыйлы ер адам еді, ойым толықтай өзгеріп кетті», - деп таңданысын да жасырмады.

Тағы бірде жұмыстағы әріптес құрбым таксиде болған оқиғасын айтып берді: «Бір күні қонақтан шығып, кешқұрым уақытта такси ұстап тұрсам, жасы 45-тер шамасында бір ер адам келіп тоқтады. Әдеттегідей баратын жерім мен бағасына келістім де отырдым. Бірде такси жүргізушісі әңгімесін бастады. Ойымда ешнәрсе жоқ мен басымды изеп қойып тыңдай бердім. Содан кейін «Есімің кім?» деп сұрады, атымды айттым. Осымен әңгіме тәмам болудың орнына «ағатай» сұрақтарды қарша жаудырды. «Қай жылғысың, қайда оқисың, немен айналысасың?» деп шектен шыға бастады. Қабағымды түйдім де бір сұрағына жауап беріп, қалғанын естімегенсіп отырдым. «Қайдан келе жатырсың?» дегенде «Досымның үйінен» десем, «Досың үйінде жалғыз ба әлде әйелі жоқ па екен?» деп сұрағанда үстімнен біреу суық су құйып жүргендей шок болдым. Онысымен қоймай, бір кезде «Телефон нөміріңді берсеңші, хабарласып, араласып тұрайық» демесі бар ма? Ашуыма тиді. «Жоқ, нөмірімді бере алмаймын» деп кесіп айттым. Сөз ұқпайтын жетесіз «Ендеше менікін жазып ал, кешкі уақытта хабарлас, күндіз қолым бос болмайды. Бір жерге бару керек болса, қысылмай айт, апарып-әкелемін, ішің пысса хабарлас, түнгі қаланы аралатамын. Бірақ күндіз қоңырау шалма, күндіз қолым бос болмайды» деді. Аузымнан «Жоқ» деген қысқа жауап әрең шықты. Сөз таластырмай үндемей жеңуді жөн деп шештім. Ақыры келер жерімізге жеткенде есігін тарс жауып шығып кеттім. Әкемдей адамның маған осындай әңгіме айтқанына қаным қарайды».

Әріптес құрбымның әңгімесін тыңдап отырып, таксиге міне қалсаң, бетіңе бадырая,  тесіле қарап, басыңнан аяғыңа дейін көзімен сүзіп шығатын ер адамдар есіме түсіп кетті.

Көптеген «ағалардың» түрлі әңгімесіне сеніп, артынан опық жеп қалып жатқан қаракөздер де аз емес. Алайда, мұндай жағдайда кінәлі кім? «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейдінің» кері деп барлық жаман атқа ие болатын қыздар.

Саған мейрімін аямай, барынша қамқор болып, сеніміңе кіріп, сыйластығыңа ие болып жүрген жанның уақыт өте келе әңгімесі өзгеріп, қылықтары мұң құбыла бастағанда қаншалықты сыйлап, құрметтеп жүрсең, соншалықты жиреніп кетесің. Бір адамнан көңілің қалған соң барша ер-азаматтар қауымына деген ойың өзгеріп, адамдарға сенуден қалады екенсің.

Қаумалаған қарындастың әрбіріне сұқтанып, нәпсіге бой алдырып, қосымша ермек немесе ойнас іздегенше өз теңін бағалап, жар таңдауына құрметпен қараса, бұл қоғамның сипаты мүлдем басқаша болар ма еді?!

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 ай бұрын

    "Біреудің қатыны біреуге қыздай, салып қалсаң мұздай"- демекші, бәйбішеміз болса да, басқа жас әйел келісім беріп жатса, әтек еркек болмаса, көпшілік еркек қарсы емеспіз деп ойлаймын, бір-жар рет көңіл көтергенде тұрған не бар, қайта қан айналысың жақсарып, жеңілдеп қаласың, қанша дегенмен ойнастың аты ойнас қой, ешқандай екеуара міндеттілік жоқ.

    1
    Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
    24/09 17:28 0 1912
    2
    "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
    24/09 15:51 0 1536
    3
    Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
    24/09 15:12 0 4501
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    24/09 14:49 0 700
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    24/09 14:40 0 1054

    Таныстырылғандар

    ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
    ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
    ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
    "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты.
    29/08/2018 11:21 0 934
    Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
    Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
    Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
    «күйеуге шығамын, бақытты боламын» деп ақ көйлек киетін тойды аңсамайды.
    29/08/2018 15:37 0 3535
    Қаңғыбастың айтқаны жан-тәнімді күйзелтті
    Қаңғыбастың айтқаны жан-тәнімді күйзелтті
    Қаңғыбастың айтқаны жан-тәнімді күйзелтті
    Қаңғыбастан бұлайша сұрақ күтпеген мен, не дерімді білмей аңтарылып қалдым.
    01/09/2018 10:54 1 4090
    «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
    «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
    «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
    «Ауруханадағы жеңіс менікі емес, халықтыкі», - деген жігіт өзін қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
    04/09/2018 11:55 0 2354
    Шымкенттік ару: Кореяда тұрсам да, кәріске тұрмысқа шықпаймын
    Шымкенттік ару: Кореяда тұрсам да, кәріске тұрмысқа шықпаймын
    Шымкенттік ару: Кореяда тұрсам да, кәріске тұрмысқа шықпаймын
    Кореяның көші-қон полициясы отандастарымызды қуып, тіпті қамап жатқан көрінеді. Ал әуежайда тексеріс күшейіп, талап та қатайған.
    05/09/2018 11:30 0 2405
    Жұмыс іздеп жүріп оңбай алдандым...
    Жұмыс іздеп жүріп оңбай алдандым...
    Жұмыс іздеп жүріп оңбай алдандым...
    Мен жұмыс іздеймін деп оңбай алдандым... Бірақ басқа алданған адамдарға қарағанда, Құдайға шүкір, жағдайым тәуір..
    05/09/2018 15:57 0 4517
    "Жат жерде көз жұмған бауырымның Сирияда қалған балаларын елге қайтара алмай отырмыз"
    "Жат жерде көз жұмған бауырымның Сирияда қалған балаларын елге қайтара алмай отырмыз"
    "Жат жерде көз жұмған бауырымның Сирияда қалған балаларын елге қайтара алмай отырмыз"
    Біз 90 отбасымыз. Сол 90 отбасының 135 кішкентай бүлдіршіндері біреуге немере, біреуге бауыр.
    07/09/2018 14:48 0 1204
    Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
    Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
    Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
    2018 жылдың 12 қыркүйегінде ішкі істер органдарына қайта арыз беріліп, құбырларды қазуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтату бойынша шара қабылданды.
    13/09/2018 17:36 0 2354
    Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
    Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
    Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
    12 жастағы қыз мемлекет қамқорына өтуі мүмкін.
    14/09/2018 15:48 0 1611
    Қазақша оқуды қалаған Никита мен Лиза қазақ ұлтына қызмет еткісі келеді
    Қазақша оқуды қалаған Никита мен Лиза қазақ ұлтына қызмет еткісі келеді
    Қазақша оқуды қалаған Никита мен Лиза қазақ ұлтына қызмет еткісі келеді
    Никита мен Лиза Павлодар облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып үлгерді.
    17/09/2018 13:15 0 5423
    Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
    Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
    Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
    Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген Түркия азаматының кешірім сұраған видеосы таралды
    21/09/2018 11:55 0 2249
    Индонезия Түркістанға қызығып отыр
    Индонезия Түркістанға қызығып отыр
    Индонезия Түркістанға қызығып отыр
    Түркістан-Самархан-Индонезия туристік бағытын қалыптастырып, әуе рейстерін ашылмақ.
    21/09/2018 13:49 0 879
    «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
    «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
    «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
    Қырғыздардың жүрек жұтқан ерлігі біз Қазаққа үлгі болмай келеді-ау.
    22/09/2018 12:16 0 2076
    Ежелгі қазақтар қалай амандасқан?
    Ежелгі қазақтар қалай амандасқан?
    Ежелгі қазақтар қалай амандасқан?
    Қарақыпшақ Қобыланды батыр атамыз сияқты амандасу салты қазаққа ауадай қажет болып тұрған сыңайлы.
    24/09/2018 09:42 0 811
    Жоқшылықпен күрескен қос мұңлық һәм қымбатқа түскен жайнамаз...
    Жоқшылықпен күрескен қос мұңлық һәм қымбатқа түскен жайнамаз...
    Жоқшылықпен күрескен қос мұңлық һәм қымбатқа түскен жайнамаз...
    Екі құрбыға да көп балалы ана болу бақыты бұйырды, бірақ 7-8 баласы бар олар бақытты ма?
    24/09/2018 13:24 0 5911