Қарғалар сайлаған падишах

Қарғалар сайлаған падишах
ⒸPikabu

Бұл оқиғаның болғанын, болмағанын көрген адам жоқ. Естуімізше, ерте, ерте, ертеде, беймәлім бір елде, бір кедей адам өмір сүріпті. Бейшараның жүрегі таза болған екен деседі танитындар. Бар байлығы сол – «жұртқа жақсылық жасасам екен!» - деген үлке-е-е-е-н арманы болыпты. Ол заманда қазіргідей емес, армандауға шектеу қойылмайтын болса керек, кім көрінген, қалаған жерінде тұра қалып, орындалмас армандарды емін-еркін армандай береді екен, армандай береді екен.

– Шіркін, жұрнақтай ғана жағдайым болса, жұртты жақсылықпен жарылқап тастар едім! – деп, аһ ұрады екен ақ көңіл байғұс.

Оның бұл есті сөзін естіген ел:
– Сонда, жақсылықтың қандай түрін, кімге, қалай, қашан жасар едің?- деп тамсаныпты.

– Тек қана жақсылық жасар едім! Сәл мүмкіндік берсе болды жақсылықтын сан түрін жасаудың сан түрлі амалын табар едім де, жұртты жарылқап тастар едім!

Бір күні ол биік таудың басына шығып, сыбырлап, жаратқанмен оңаша сырласып отыр екен. «О, мейірімі мол жаратушы ием, жұртқа жақсылық жасайтын тым болмаса жарты күн мұрша берсең...» - деп, күбірлеп отырғанда, сақалы беліне түскен бір қарт жолаушы ту сыртынан:
– Өз-өзіңмен күбірлеп, ернің жыбырлап, жаратқаннан не сұрап отырсың? – депті.

Әлгі қартқа арманшыл бейбақ көңілдегісін көлдей ағызып, жұртқа жасар жақсылығы ішіне сыймай тесіп шығар тесік таппай жатқанын жайып салады. Қарттың дуалы ауызы адам болар балаға айтатын біраз ақыл айтыпты:
– «Жақсылық жасаймын» - деп жанын жеп жүргеннің алда-арты жалғыз сен емес. Жақсылық жасаудың жолы қандай қиын екенін әуелі білсең, сен бұлай жұлқынбас едің. Зұлымдық арзан, ал, жақсылыққа баға жетпейді. Жер бетіне жұмыр басты пенде жаратылғалы бері жақсылық жасаған адам саусақпен санарлықтай ғана.

Қарттың сөзі құлағынан өтсе де миына жетпеген болуы керек, әлгі бейшара арманынан алысқа қашпады:
– Мен өзгелерге ұқсамаймын. Тек көксегенімді көрсететін көсемдікке қол жеткізсем болды, жамандықты жерден қуам! Аш, жалаңаш, адам болмайды, алауыздық, айғай-аттан жойылады, халық тойынады! Зұлымдықты бездіремін, әлемге тек мейірбандық кездіремін!

– Көкейіңдегі көп екен, көзін тапсаң болғаны – дейді көнеден келе жатқан ақсақалдың ауызы, - Әй, бірақ, қиын! Қиналасың-ау, бала! Жақсылық жасаудың ебін таппай есеңгіреп жүрген жалғыз сен емес...

– Тәйірі, біреуді бақытты етуден оңай не бар!? – деп сып ете түседі арманшыл езу.

– Олай болса, отырма, – деді қарт, - жолға шық. Күндердің күні болғанда, қиялыңның қиясына шығатын жердің шетіне жетесің!

Жақсылыққа жана құмар жарықтық дереу аттанды. Ел кезіп, жер шарлап, ұзақ жүреді. Жүрген жерінде өзегін өртеген өтінішін айтып, адамдарды бақытқа шомылдырып, шаттыққа жүздіріп қойғысы келетінін паш етіп жүреді.

Күндердің күні болғанда, ай жүріп, күн жүріп.түн жүріп таң алдында бір қалаға кез болады. Қала түгел биік қамалмен қоршалған екен, кіретін қақпасын зорға тауып, ішіне кіреді. Қаланың ортасындағы үлкен алаңға келгенде таң қалғаннан аузы ашылып қалады. Алаңға жиналған халықты көрсең сен таң қалмақ түгіл, талып қалар едің! Қара құрым халыққа сан жетпейді! Егер мен жүз мың десем, сен – үш жүз мың дер едің. Шеті, шегі жоқ, теңіздей толқыған халық.

Сол шулаған көпке бұл да кірді. Бәрі бірдей кеңірдек керіп аттандап жатыр. Басына біткен барлық мүшені құлақ жасап, тыңдап көрсе, бәрінің айтары бір-ақ әңгіме:

– Уа, халқым, өздеріңе өздеріңе жақсылықтан басқа тілерім жоқ! Қарғалардың көзін жеткізіңдер осыған, Падишахтың тағына мені отырғызсын! Мен бәріңді бақытқа бөлеймін. Өзеннен шәрбат ағызамын, алтыннан көпір салғызамын, жаңбыр орнына аспаннан шырын жауады, бір қолыңды майға, бір қолыңды балға малып, аузыңнан тәтті тоқаш кетпейтін болады. Бейбіт өмір орнап, жайма шуақ тыныштықтан жалығатын боласыңдар! Отандастар, ағайындар! Қарғалар мені падишах етіп сайласын!

Мұны естіген арманшыл бейбақ алжып кете жаздады. Жалбалақтап жанына қараса, баяғы өзіне жөн сілтеген, ақ сақалы беліне түскен шал тұр.

– Уа, армысыз, данагөйім! – деді.
– Бар бол, балам.
– Бұл қаладағылардың мұраты біреу екен, бірақ, неге сонша айғайлайды?

Ақ сақал адамша жауап береді:
– Бұл пенденің әр қайсысы тек өзім ғана жақсылық жасай аламын дейді. Қалай жасаудың амалын білмейді, сондықтан ...
– Үнемі осылай аттан сала ма?
– Жоқ. Тек сайлау кезінде ғана жан дауысы шығады. Жылына бір рет сайлау өтіп тұрады. Әркім өзінің сайланғанын қалайды.
– Неге?
– Тек өзінен басқа жан жақсылық жасай алмайды деп ойлайды. Бәрінің ойы сол. Зұлымдық жасаймын деген арам ойлы адам мұнда болмайды.
– Сонда кім болып сайланғысы келеді?
– Падишах! Бұл елдің ерекшелігі сол, билік атадан балаға қалмайды.
– Жөн делік, бірақ, «Қарға, қарға» - деп қылғынғаны несі?
– Себебі, падишахты бұл елде... қарғалар сайлайды.

Осы кезде аспан түнеріп кетті. Көктегі қарғаның көптігінен күн көзі көрінбей қалды. Қарғалар халықтың төбесініен айналып, «қарқ,қарқ» қаңқылдап ұша бастаған кезде жердегі жалбарыну үдеп кетті:

– Бауырым, қарға! Қарға қарағым, құдай үшін, мені, мені таңда, мені!

Қарқылдаған көп қарғаның ішінен үлкен бір қарға бөлініп шығып, төмендеп, баяғы біздің ақ көңіл, халықтың қамын ойлаған пақырымыздың төбесін айналып ұша бастады. Айналып, айналып, «қарқ» етті де әлгінің басына саңғытып жоғары ұша жөнелді.

Алаңдағы мыңдаған адам оған қарап шу ете түсті:
– Сен үштен біріне падишах болдың!

Бұл сөздің мағынасы санасына сіңбеген ол, әлгі қарттан сұрады:
– Бұлары несі? Не дегені?
– Бұл елдің заңы бойынша, қарға бір адамның басына үш рет саңғыту керек. Сонда ғана оның басына бақыт орнап, падишах болады. Сен қазір үштен біріне сайландың. Тағы екі рет басыңды қарға бүлдірсін десең жаратқанға жалбарын.

Дәл осы сөзді күтіп тұрғандай қарға тағы да біздің бейбақтың басына «былш» еткізді.

Алаңдағы жұрт айғай салды:
– Сен үштің екісіне сайландың!

Бүкіл жұрт енді үшінші рет қарғаның нәжісін оның басына қиғысы келмеді ғой деймін, барлығы бас киімдерін сыпырып алып, қарғаның құйрығын аңдыды.

– Қарға бауырым, маған! Қарындасым, қарға, мені таңда! Інім....

Бірақ, қарға халыққа құлақ аспады. Үшінші ретте де сол баяғы басқа «былш» еткізді!

Тағдырдың жазғанына амал бар ма?! Қала халқы сол адамды тік көтеріп апарып таққа отырғызды...
Жаңа сайланған падишахтың біз білетін мейірімді жүрегі өзіне жасалған қарғалардың қайырымдылығын үмытқан жоқ. Таққа отыра сала жаңа пәрмен беріп, жарлық шығарды. Бау-бақшалардағы қарғалардың есін шығарып, үркітетін қарақшыны жойғызып, тыныш жүрген қарғаны үркітуге, аяқ асты қорқытуға тиым салды. Қарғаға тас атқандарды сотқа тартып, қатаң жазалады. Әрбір шаңырақ күніне қарға үшін бір уыс дән себетін болды.

Ел есеңгіреп кетті. Қарғаны қамқорлыққа алған падишахтың елге елеңдейтін мұршасы болмады. Сөйтіп, бір жыл өтіп, тағы да сайлау болды. Алаңға жиылған жұрт тағы да қарғаға жалбарынды. Тағы да елге жақсылық жасайтын жан екендерін айғайлап айтып, қарғаның көзін жеткізбек болды. Сайлау күні аспанға көтерілген қарға бұрынғыдан көп болды. Олардың қарқылынан аспан күркіреп, жер сілкінді. Бұрын падишахты бір ғана қарға сайлайтын болса, бұл жолы он қарға падишахқа ризашылығын сездіргісі келіп, өз қамқоршысына қолдарынан бар келген жақсылығын аямай аспаннан «былш, былш» еткізіп, молынан саңғытты.

Падишах қайта сайланған соң, қарғаға деген қамқорлығын үдетті. Әр үйде жиырма қарға асырайтын болды. Оларға арнайы үйшік салдырды. Мұндай мейірімге бөленген қарғалар үндіктей болып семірді.
Көзі ашып-жұмғанша бір жыл өтіп, тағы да сайлау болды. Халық қанша наразы болса да басыңа қарға тышпаған соң не амал!? Бұл жолы жүз қарға бірақ саңғытып, басы саз балшыққа шылқыған ол тағы да падишах болды! Тағы да жаңа жарлық шықты: «Қарғаның үстінде бит болмасын! Битін бір талдап теріп, жойып, жүнін тарап, тырнағын бояп, құйрығын майлап қою керек!»

Осындай жайлы күтім көрген қарға баласы бір жылда қошқардай болды. Келесі сайлауды бес жүз «қошқар –қарға» әр қайсысы үш реттен падишахтың басына көктен сәлем жолдады.

Біздің мейірімді падишах о баста жақсылық жасау үшін жаралған жан екенін әсте естен шығарған жоқ. Қарғалардың алдындағы борышын адал өтеді. Қаланың халқы қарғаларға үйін тастап өздері босып, тауға кетті. Бір жылда күтімі келіскен, бағуы жақсы қарғалар өгіздей болды.

Келесі сайлау күнінде аспандағы өгіздей қарғаның дауысынан құлақ тұнды. Олар да өзіне осынша мейірім-шапағатын аямаған адамға адалдықпен жауап бергісі келді. Бұл жолы бүкіл қарға түгелімен падишахқа деген алғысын аспаннан кесек-кесек жапа жауғызып білдірді...

Қайта сайланған бақыт иесін көруге жұрт алаңға жиналды. Олар не көрді дейсіздер ме? Тау болып үйілген карғаның нәжісіне көміліп өліп жатқан падишахты көрді.

Жұрт қуағаннан айғай салды:
– Қарға бауырым, мені таңда, мені! Қарағым, қарындасым, қарға мені, мені ...

Әзиз Несин

Аударған: Асқар Наймантаев

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Сақ болыңыз! Сауда орындарындағы түбіртек қауіпті ауру туғызады (видео)
    23/05 17:10 0 30
    2
    Сән индустриясының сұмдығы
    23/05 16:34 0 83
    3
    Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
    23/05 16:30 0 61
    ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
    23/05 16:24 0 102
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    23/05 16:03 0 400

    Таныстырылғандар

    Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
    Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
    Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
    Егер сіз болашақ студент болсаңыз және неғұрлым көп ақша табуға ұмтылсаңыз әлемдегі ең көп ақша табатын мамандықтарды біліңіз.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:18 0 1028
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Ал сізге адамдарды әлі күнге дейін төлқұжат пен тілге бөлетініңізге алғысымыз шексіз, Олег мырза!
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:43 0 2724
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Ол 2024 жылы болатын келесі президент сайлауына міндетті түрде қатысатынын айтқан.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:49 0 1076
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны күннен күнге төмендемек
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 13:55 0 2795
    Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)
    Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)
    Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)
    Зорлық- зомбылыққа шыдай алмай, өзін құрбан еткен әйелдің артында күйеуі және үш баласы қалды.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 15:20 0 19545
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 18:56 0 211
    Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"
    Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"
    Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"
    Сондай-ақ, Кучма соғыс пен бейбітшіліктің кілті Ресей президенті Владимир Путиннің қолында екенін жеткізді.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 00:19 0 3140
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Владимир Зеленскийдің штабы Донбасс мәселесі бойынша Ресеймен бірге референдум өткізу туралы ой толғауда
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:47 0 722
    Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?
    Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?
    Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?
    Бұл үдеріс теңіз деңгейінің 62 сантиметрден 238 сантиметрге дейін көтерілу қаупін төндіреді.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 09:35 0 2202
    Эйнштейннің 1,5 миллион долларға сатылған қолтаңбасы
    Эйнштейннің 1,5 миллион долларға сатылған қолтаңбасы
    Эйнштейннің 1,5 миллион долларға сатылған қолтаңбасы
    Аукционда 1,56 млн долларға сатылады.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 09:56 0 274
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің үлкен қызы Саида Мирзиеева биыл сәуір айында ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігінің ...
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:58 0 1766
    Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
    Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
    Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
    Қыздың анасына қоңырау шалып, 110 мың теңге талап етіпті
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 03:35 0 500
    Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
    Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
    Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
    Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға барын салған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 11:07 0 2316
    Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
    Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
    Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
    Қазақ боксшысы Қанат Исламмен бірге түскен суретін жариялады.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 13:44 0 133
    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
    Бұл туралы облысқа ресми сапармен келген Шыңжан Ұйғыр автономиясы, Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чжао Чунцзюмен кездесуде аймақ басшысы Даниал...
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 14:54 0 2109