• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:44:14
Алматы
+35°

26 Наурыз, 2019 NEWS

Қарағанды қаласындағы концерттердің бірінде қала тұрғындары "Қазақстан, Нұрсұлтан" деп ұрандатудан бас тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

Жүргізушілер қала тұрғындарын "Қазақстан, Нұрсұлтан" деп бірге айтуға шақырды. Алайда бірде-бір қала тұрғыны жүргізушілердің айтқанын орындамады. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ОБЛОМ В КАРАГАНДЕ! КАРАГАНДИНЦЫ, ВЫ ПРОСТО МОЛОДЦЫ!!! Нельзя из свободолюбивых казахов сделать рабов! #караганда #қарағанды #қарағанда #нурсултанастана #назарбаевнурсултан #павлодар #двк #келиншек #язаастану #2019 #актау #тамада #вернитеастану #рецепты #пп #назарбаев #КАРАГАНДЫ #алматыдвк #нурсултаннемойгород #токаевнемойпрезидент #уменяестьвыбор #япротивпереименованияастаны

Публикация от ANETOVA ZHANAT (@zhanat_anetova)

Еске сала кетсек, 20 наурызда Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге байланысты ұсыныс жасаған болатын. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды. 

"Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың - 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір