• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:07:28
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2019 NEWS

Қарағандыдағы қақтығыстың себебі анықталды

ІІМ вице-министр Жанат Сүлейменов Қарағанды қаласында Жаңа жыл қарсаңында болған қанды оқиғаның себебін айтты

Астана қаласында өткен баспасөз конференциясында ІІМ вице-министр Жанат Сүлейменов Қарағанды қаласында Жаңа жыл қарсаңында болған қанды оқиғаның себебін айтты.

«Төбелеске мейрамханаға келген қонақтар мен мейрамхана қызметкерлері қатысқан. Тергеу ісіне нәтижесінде, 14 адамның қатысқаны белгілі болды, оның 9-ы мейрамхана қызметкерлері.

Видеода «Ежелгі Рим» мейрамханасының қандай үлкен екендігі көрінеді, үлкен залында сол күні 400-ге жуық адам болған. Мейрамхана ережесіне сәйкес, ол түнгі 3-тен бастап өзінің жұмысын тоқтатуы керек болған, кейін сағат 4-ке жуық қонақтарға ескертіп, мейрамхананың жабылатынын айтқан.

Сол жерде кикілжің туындап, арты төбелеске ұласты. Мейрамханаға келген адамдар өздерінің достарына қоңырау шалып шақырып, 10 шақты адам мейрамханаға баса көктеп кіріп, түрлі боқауыз сөздер айтыпты», - дейді вице-министр.

Белгілі болғандай, «Ежелгі Рим» мейрамханасының қызметкерлері мен иелері оларға жауап беріп, төбелес басталып кеткен.

«Ол оқиғада армяндар мен қазақтар бір-біріне қарсы шығып, ұлтараздық кикілжің туындамаған. Төбелес мейрамханада басталған. Сондықтан мұны ұлтараздық қақтығыс деп танымау керек», - деп атап өтті Сүлейменов.

Топтық төбелестің салдарынан 4 адам пышақ жарақатын алып, оның біреуі оқиға орнында қаза тапты.

Бүгінде сот шешімі бойынша 8 адам темір торға тоғытылған. Біреуі 1 қаңтар күні Қазақстан-Ресей шекарасынан өтіп үлгеріпті. Күдіктіні қолға түсіру мақсатында Ресейге қазақстандық қарулы күштердің бір тобы жөнелтілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір