• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:23:56
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Қарағанды облысы Сәтпаев қалашығында екі қабатты үйден өрт шығып, соның салдарынан 4 жастағы бүлдіршін қаза тапты. Ал оның анасы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйене отырып.

«Өрт шыққаны туралы ақпарат сейсенбі күні сағат 05:22-де келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер оны 06:12-де ауыздықтаған. Өртенген үйден 2015 жылғы бүлдіршіннің денесі табылды. Сондай-ақ, күйік жарақаты мен түтіннің иісінен уланған 1988 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Өрттің неден пайда болғаны әлі зерттелуде. Оны сөндіру үшін 22 өрт арнайы жасақ пен 6 өрт сөндіргіш техникалар пайдаланылды.

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір