• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:28:47
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 NEWS

2018 жылдың 7-8 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы базасында «Қазақстан - менің Отаным» атты IV Республикалық студенттік конференция өтті.

Аталмыш конференцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ыбырай Алтынсарин атындағы АрМПИ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

ҚарМУ

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік- гуманитарлық факультетінің «Тарих» мамандығы бойынша он студент, «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша үш студент өздерінің зерттеп жүрген ғылыми жұмыстары бойынша баяндама жасады.

«Тарих» және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мақалалары жарық көрген жинақ әр студентке табысталды.

Конференцияны ұйымдастыру тиісті деңгейде болды. Біздің студенттерді қарсы алып, ҚарМУ жатақханасына тегін жайғастырды.

ҚарМУ

Университетіміздің студенттері республикамыздың басқа түкпірлерінен келген ғалымдармен және зерттеуші студенттермен танысып ғылыми зерттеу тақырыптарына қатысты мәселелерді көпшіліктің талқысына салуға мүмкіндік алды. Әрине, мұндай жетістік студенттердің ізденулерімен олардың ғылыми жетекшілерінің еңбектерінің нәтижесі. Студенттердің ғылыми жетекшілері - т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исенов Өтеген, т.ғ.к., доцент Майсара Бекмағамбетова, т.ғ.к., доцент Наурызбаева Эльмира, PhD докторы Рауан Байдаллардың шәкірттерді ғылымға баулудағы жетістіктерімен  құттықтаймыз.

Конференциядан соң «Тарих» мамандығының студенттері әлемге әйгілі «Карлаг» мұражайына (Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі) экскурсия жасады. Музейде болған студенттердің айтуынша,  әлі күнге дейін зерттеуді қажет ететін Карлагтың ашылмаған құпиялары жеткілікті.

 Абир Сымбат, Алтынбек Гүлсая

«Тарих» мамандығының 4 курс студенттері

Қостанай-Қарағанды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір