• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:57:39
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2019 NEWS

Қарағанды ІІМ академиясының басшысы жұмыстан қуылды

Сонымен қатар, кеше шуға айналған видеоның бас кейіпкері, Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков А.Р. қызметінен босатылған еді

Қарағанды ІІМ академиясының басшысы жұмыстан қуылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар, кеше шуға айналған видеоның бас кейіпкері, Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков А.Р. қызметінен босатылған еді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор Берік Бисенқұлов Баримбек Бейсенов атындағы ІІМ академиясының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке полиция полковнигі Дарменов Ақынқали Дәуітбекұлы тағайындалды.

МВД

Айта кетейік, әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері "біз бандамыз" деп бір-бірін құттықтаған видеосы тарап, қоғамның қызу талқысына түскен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір