• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:06:25
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Қарағанды ІІМ академиясының басшысы Ақынқали Дәрменовтің жасырары бар ма?

ҚР Жоғарғы сотының сот актілерінің базасын тексерсек, Дәрменовтің атына сотқа шағым түсірілгеніне көз жеткізе аламыз.

"Caravan.kz-тің" корреспонденті Никита Данилин  Қарағанды ІІМ академиясының су жаңа басшысы Ақынқали Дәрменовтің жасырары бар ма деген сұрақ қойып, материал жазыпты. Пушкиннің тілінде жазылған Дәрменов туралы сырды мемлекеттік тілімізге аударып, қалың оқырман назарына ұсынамыз.

Қарағандыдағы полицейлердің жаңа жылдың қарсаңындағы өздерін «братвамыз» деп жар салып, елді шулатқанынан кейін академияның басшылығы бірден ауысты. Видеоның бас кейіпкері, Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбековтың орнына Ақынқали Дәрменов келді. Қырықтың қырқасына келген полковник туралы ақпарат аз.

Қарағанды академиясының төңірегіндегі шу басылды. Өз логикалық шешімін тапты десек болады. Қызметтен қуылған Тастайбеков ендігәрі құқық қорғау органының маңайына да жолай алмайды.

♦Қарағанды ІІМ академиясының басшысы жұмыстан қуылды

Сонымен қатар аталмыш академияның бастығы Жан Кенжетаев та өз еркімен жұмыстан кетіпті. Себебі қартайып қалыпты.

Оның орнына келген Ақынқали Дәрменов үздік еуропалық мекемелерде білім алған, қызмет жолын қарапайым тергеушіден бастаған полиция полковнигі.

Бүгінде Дәрменовке үміт артып отырғандар аз емес. Алайда Ақынқали сүттен ақ, судан таза ма?

Дәрменов

5 215 теңге 86 тиын деген көп ақша емес. Дегенмен қарыздың аты қарыз.

ҚР Жоғарғы сотының сот актілерінің базасын тексерсек, Дәрменовтің атына сотқа шағым түсірілгеніне көз жеткізе аламыз.

Дәрменов

Академияның бастығы болғанға дейін Ақынқали Дәрменов Қарағанды облысының ІІБ оқу орталығының басшысы болғандығы бізге мәлім. Бұл орталық кейіннен Теміртау қаласының ІІБ оқу орталығына айналады. Сонымен қатар МКК (мемлекеттік кіріс комитеті –ред.) базасына зер салсақ, «Ақынқали Дәуітбайұлы Дәрменов» деген аты-жөнмен бірақ адам ғана бар.

Сол себепті Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотында 2018 жылдың 1 қазанында қарастырылған шағым біздің Дәрменовке тікелей қатысты деп айтуға болады.

Дәрменов

Дәрменов

Арызданушы – «Оқжетпес-Т» ЖШС. Олардың басты талабы – Дәрменовтің коммуналдық төлемдердің қарызын толықтай өтеуі. Демек полковник 2016 жылдың 1 сәуірінен 2018 жылдың 1 тамызына дейін коммуналдық төлемге ақша шығармаған. Күлкі күні деп қалжыңдағаны ма, онысын білмедік. Бірақ 75 714 теңгеге қарыз болып қалған.

Дәрменов

Нәтижесінде Татьяна Гавриченкова есімді сот Дәрменовтің қарызды толық өтеуін және 1136 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды да төлеуін талап етеді.

Полиция полковнигі Ақынқали Дәрменов заң-тәртіпке бағынып, қызметін адал атқарып, шалыс қадам жасамайды деп үміттенейік.

Аударған: Жазира Байдалы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір