• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:45:38
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 NEWS

Қарабатандағы өрттен кейін елдегі барлық вахталық кенттер тексеріледі

Атырау облысы Қарабатан вахталық стансысындағы өрттен кейін Бас прокуратура елдегі барлық вахталық кенттерді тексереді.

Атырау облысы Қарабатан вахталық стансысындағы өрттен кейін Бас прокуратура елдегі барлық вахталық кенттерді тексереді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевқа сілтеме жасап.

"Қарабатандағы өрт оқиғасынан соң, Бас прокуратураға барлық вахталық кенттерді тексеру туралы хат жолдадық. Бас прокуратура тексерудің міндетті түрде болатынын хабарлады. Қазір халық көп жиналатын ойын-сауық орталықтары тексеріліп жатыр. Содан кейін елдегі вахталық кенттерді тексеру жұмыстары басталады", - деді Нұржан Әлтаев еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігіне арналған "KIOSH-2018" халықаралық конференциясында журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, өрт оқиғасына айыпты деп танылған жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. "Қарабатандағы өрттің шығуына жұмыс беруші кінәлі. Біріншіден, мерт болғандардың отбасына және жарақат алғандарға барлық қажетті материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Екіншіден, жұмыс беруші айыпты болғандықтан, сәйкес жауапкершілікке тартылады. Үкіметтік комиссия ретінде біз фактілер мен өрт себебін анықтап бердік. Жауапкершілік жағы құқық қорғау қорғау органдарының жұмысы", - деп жауап берді ол журналистер сұрағына.

Сонымен бірге, вице-министр құрылыс саласында барлық тұлғаларға бақылау жүргізуді ұсынғандарын жеткізді. "Қарабатандағы тексеру жұмыстарынан кейін тұтас құрылыс саласына бақылау жүргізуді ұсынған едік. Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі қосалқы мердігерлер тарапынан анықталады. Мәселен, қандай да бір құрылыс компаниясы толық бақылауда болады да, қосалқы мердігерлері айлықты қолма-қол төлеп, еңбек қатынастары туралы шарт жасаспайды, еңбек етушілердің құқығын бұзады", - деп түсіндірді Н. Әлтаев. Еске сала кетсек, наурыз айында Атырау облысы Қызылқоға ауданында салынып жатқан Қарабатан «Газтурбиналық электр стансысының» құрылыс аумағындағы жатақханадан өрт шығып, жеті жұмысшы қаза тапты. Арнайы құрылған үкіметтік комиссияның мәлімдеуінше, жатақxанада орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған.  Сол себепті әрбір бөлмеде жылыту құрылғылары қойылған. Салдарынан электр сымдар  қатты қызып кетіп, жатақхана өртке оранған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір