• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:29:01
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Ғылым-білім

Қара шаңыраққа - 85 жыл!

Еліміздің ертеңі мен бүгіні жастардың қолында деген қағиданы бәріміз білеміз. Университетіміз —  еліміздің дамуының кепілі мен көрсеткіші.

Әлемдегі ғылым-білімнің екінші ұстазы әл-Фараби атындағы қазақ интеллигенциясының бірінші қара шаңырағына, біздің университетке 85 жыл толды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі университеттің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

Еліміздің ертеңі мен бүгіні жастардың қолында деген қағиданы бәріміз білеміз. Университетіміз —  еліміздің дамуының кепілі мен көрсеткіші.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық QS рейтингілік агенттігінің зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша әлемдегі 800 үздік университет арасында 499-орынды иемденсе, 2013 жылғы сараптау нәтижесінде 299-орынды бағындырды, ал Қазақстанда №1.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингінің 150-тобына енген жалғыз университет.

ҚазҰУ-дың 41 мамандығы сапа сараптамасы мен экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта білім беру бағдарламалары бойынша аккредитаудан  өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да растап QS рейтингісінде Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің (EECA - Emerging Europe & Central Asia)  10 үздік ЖОО қатарына енді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр. Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 200-топ университет қатарына еніп 200 орынды иемденді. Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті — Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанған оқу орны. Университет — Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа менеджменті жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жуық Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру  көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда. Біз, тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

2013-2014 оқу жылдарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА)жүргізген ЖОО-ның ұлттық рейтингісіне және ҚР БжҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы жүргізген білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысты. Сонымен қатар университет мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген рейтингке қатысты.

БСҚТҚА жүргізген ұлттық рейтингтің нәтижесі бойынша, университет қайтадан бірінші орынға көтерілді.

2014 жылы Ресертификаттау аудитінің нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеттің сапа менеджменті жүйесінің халықаралық ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігін дәлелдейтін«TQCS International»халықаралық сертификатын алды.

2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ институционалды аккредитациядан сәтті өтіп, Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстан агенттігінің Институционалдық аккредитациялау туралы куәлігін иеленді

ҚР БжҒМ БПОжАМ жүргізген бакалавриат бағдарламаларын академиялық сараптауда университет жүлделі орындардың саны бойынша бірінші орынды иеленді, олардың ішінде 24 бірінші орын, 13 екінші, 4 үшінші орын.

Халықаралық әріптестік те белсенді дамып келеді. ҚазҰУ әлемнің 46 елінің ғылыми орталықтарымен және 400 жетекші университеттерімен жемісті еңбек етуде. Оқу орны БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму бойынша жаһандық хабы және ЮНЕСКО – UNІTWІN-нің тұрақты даму бойынша аймақтық хабы болып табылады. ҚазҰУ – Орталық Азияда университет­тердің халықаралық консорциумына, Clіnton Global Іnіtіatіve Unіversіty университеттер желісіне және Жібек жолы университеттер альянсына қабылданған жалғыз университет.

Ең таза экологиялық жағдайдағы 200 университеттің де қатарынан көрінген киелі ордамызды тағы да мақтан тұтамыз.

Алғаш рет Қазақстандық университет  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). 

ҚазҰУ-да білім беру сапасы басқа университеттермен салыстырғанда жоғары дәрежеде деуге негіз бар. Себебі қара шаңырағымыздағы шәкірттердің білім алуы мен ғылыми жұмыстармен айналысуға барлық жағдай жасалған және де осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз еліміздің көшбасшы студенттеріне айнала аламыз. 

Мүмкіндікті жіберіп алмайық, жас дос!

Арнұр Ізбай

Биология және биотехнология факультетінің 2-курс студенті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Манкибаева С.А., биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы Умбетьярова Л.Б., биотехнология кафедрасының доценті Г.И.Ерназарова.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір