• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:56:44
Алматы
+35°

22 Маусым, 2017 Кәсіпкер

Қақаған суықта жазғы киіммен жүрген балаға екі сағатта ешкім көмек көрсетпеді. Одан кейінгісін көрген халық көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

Түсірілім тобы Нью-Йоркте тәжірибе жүргізді. Ол арқылы халықтың көмекке мұқтаж жанға көмектесу, жанашырлық сезімі қаншалықты деңгейде екенін анықтау еді. Көше...

Түсірілім тобы Нью-Йоркте тәжірибе жүргізді. Ол арқылы халықтың көмекке мұқтаж жанға көмектесу, жанашырлық сезімі қаншалықты деңгейде екенін анықтау еді. Көше кезген бала күннің сықырлаған аязында жұпыны, жазғы киімдермен мұздап, суықтан дірілдеп тұрады. Халық көп жүретін жерде адамдардан көмек сұрап тұрған балаға екі сағатта ешкім қол ұшын бермеді. Бала амалдың жоқтығынан, қолындағы қоқыс салатын пакетке кіріп, жылынуға тырысады. Сол уақытта жанына ер адам келіп, үстіндегі күртешесін шешіп берді. Баланы жылыту үшін оны күртешесімен орап, қолына ақша ұстатты. Құшақтап демеу берді. Содан кейін ғана адамдар көмекке мұқтаж балаға назар аудара бастады. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір