• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:14:16
Алматы
+35°

Алматы облысы полициясы мүгедек әйелді қорлаған баланы тапты. Ювеналды полиция видеодағы екінші баланың да кім екені анықтады, деп хабарлайды inform.kz.

«Балалардың бірі 2008 жылы дүние келген. Үшінші сыныпты бітірген. Тәрбиеленіп отырған отбасы толық емес. Оның 3 жастағы қарындасы және емшектегі бала бар. Екінші бала басқа ауданның тұрғыны. Ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту уақыт еншісінде» дейді Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Балалардың ата-анасын 127 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Оларға 16 835 теңгеден 48 100 теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, екі бала аялдамада отырған мүгедек әйелге қорлық көрсеткен. Олардың әрекеті камераға түсіп қалған. Видео Facebook әлеуметтік желісінде таралып, желі қолданушылары балаларды тауып, ата-анасын жауапкершілікке тартуды талап еткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір